рисунок

Елбасының биылғы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа жүйе әзірленген болатын. Бұл жүйе еліміздегі медицина саласын цифрландыруға бағытталған. Бұл бағытта Зеленов аудандық орталық ауруханасында да «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының орындалуында оң өзгерістердің бары байқалады.

2015 жылдан бері Зеленов аудандық орталық ауруханасында меди¬циналық ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша жұмыстар қолға алына бастады. Қазіргі таңда аурухана «ҚазМедИнформ» бағдарламасына толықтай көшті. Бағдарламаның артықшылығы - медициналық қызметтің онлайн режимде қолжетімділігі, тұрғындар денсаулығының профилактикасы, дәрігерлер мен науқастардың да уақытын үнемдеу, медициналық көрсетілетін қызметтің автоматты түрде жүргізілуі және техникалық қызметтің аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат жұмыс жасауы болып табылады. Осыған орай аурухана әкімшілігі «ҚазМедИнформ» бағдарламасының «К врачу» қосымшасына қосылды. Қазіргі таңда аурухананың 33 дәрігері, 22 орта буындағы медицина қызметкерлерінің пайдаланушы логиндері ашылды. Сондай-ақ, жүкті әйелдер Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы электрондық қолтаңба алуда. Олар дәрігердің жеке қабылдауына келгенде де қолтаңба арқылы жазыла алады.