08 08 18 news 5

6 тамыз күні БҚО әкімі аппаратының маманы-Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Жұмағазиеваның қатысуымен Зеленоа ауданы әкімі аппараты жанындағы Әдеп жөніндегі уәкілдің отырысы өтті.

Жиынға аудан әкімі аппаратының міндетін атқарушы М.Мусалимов,  аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен аудандық бөлім мамандары қатысты.

Шара барысында БҚО әкімі аппаратының маманы-Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Жұмағазиеваның баяндамасы тыңдалды.

Сондай-ақ, әрбір мемлекеттік қызметшінің тәртібі мен қызметіне қарап әрбір қоғам мүшесінің мемлекетке деген көзқарасы, сенімі қалыптасатынын жақсы түсіну керек екендігін М.Мусалимов  ерекше атап өтті.

Шара соңында соңында ауылдық округ әкімдеріне, аудандық бөлім басшыларына аудан, ауыл әкімдігі аппаратының мамандарына мемлекеттік қызметшілердің  ідептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру, мінез құлық стандарттарын қатаң сақтау және әдеп кодексінің қағидаларының бұзылуын болдырмау бойынша бақылауды күшейту, мемлекеттік қызметшілердің әдебі және мінез-құлық нормалары бойынша нұсқаулықты күнделікті жұмыс барысында қолдану туралы тапсырма берілді.

08 08 18 news 5