08 08 18 news 1

8 тамыз күні аудан әкімі, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның төрағасы А.Шахаровтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның отырысы өтті.

Комиссия отырысында 2018 жылдың 22 шілдесінде Переметный елдімекенінде жауын-шашын салдарынан зардап шеккен үйлердің жағдайы туралы Переметный ауылдық округінің әкімі Б.Бадақов хабарлама жасады.

-2018 жылдың 21-22 шілде күні жауын-шашынның көп түсуі салдарынан Переметный ауылының Гагарин, Әубәкіров, Жеңіс және Орал көшелерінің тұрғын үйлеріне жаңбыр суы кіріп, мүліктеріне және тұрғын үйлеріне зиян келтірген болатын. Сол бойда төтенше жағдайлар жөніндегі штаб мүшелері оқиға орнынан табылып, қауіптің алдын алу бағытында жұмыстар жүргізді.  Дереу су жүретін каналдары ұлғайтылып, апатты жағдай орын алған тұрғын үйлердің аулаларына мотопомпа, насос, осенизаторлар арқылы су айдау жұмыстары жүргізілді. Ауыл әкімдігі жанынан құрылған комиссия тұрғын үйлерді аралап, мән-жаймен толық танысты. Қазіргі таңда әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына сәйкес көмек көрсету, тұрғындарды материалдық қолдау шаралары ұйымдастырылуда,-деді Б.Бадақов.

Сондай-ақ, жиында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Р.Ихласов, аудандық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Г.Исмагулова, аудандық аурухананың директоры Ғ.Ислямов әлеуметтік нысандардың қысқы жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады.

 Жиынды қорытындылаған аудан әкімі айтылған мәселелер бойынша тиісті мекеме басшыларына міндеттер мен тапсырмалар жүктеді.

08 08 18 news 1

08 08 18 news 1