рисунок

Бүгін Зеленов ауданы Январцев ауылдық округіне қарасты Шынар(Чинарев) кенішін игеріп жатқан «Жайықмұнай» ЖШС өндірістік базасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Глеб Щегельский, Сергей Симонов, Евгений Козлов және Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаров аталмыш кеніштегі өндіріс нысандарының жұмыстарымен танысты.

Алдымен өндірістік базаның құрлымымен танысып, кеніш базасындағы конференция залында, техникалық қауіпсіздік шараларының қадағалануы, қоршаған ортаға өндіріс орнының әсері жөнінде слайд түрінде танысты.

Жұмыс сапары барысында депутаттар өндірістік нысандармен танысып, компания өкілдерімен кездесті.

Айта кету керек, аталмыш компания мұнай өндіруші объектілерді жаңадан жабдықтау және қайта жарақтандыру жұмыстарымен қатар әлеуметтік салада да сан қырлы жұмыстар іске асырылып, оның игілігін мұнайшылармен қатар бүкіл аудан халқы көріп отырғандығы тілге тиек етілді.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок