рисунок

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Наринэ Микаелян мен Магеррам Магеррамов жұмыс сапарымен ауданымызда болды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Н.Микаелян мен М.Магеррамов аудан орталығы Переметный ауылындағы бірқатар нысандарды аралады. Алдымен күні кеше ғана ашылған аудандық тарихи-өлкетану мұражайына аялдап, аудан тарихы мен тыныс-тіршілігі хақында мәлімет ала білді. Одан соң аудандық сот пен аудандық ішкі істер бөлімінде болып, қоғамдық тәртіп, құқықтық мәдениетті дамыту, медиация мәселесі т.б. бағытта бөлім басшыларымен өзара пікір алмасты.

Аудандық орталық аурухана басшылығымен кездескен халық қалаулылары денсаулық сақтау саласы бойынша аудан көлемінде атқарылып жатырған жұмыстарға қанығып, сауалдарын жолдап, тиісінше жауаптар алды. Халық қалаулылары аялдаған соңғы нысан Достық үйі болды. Достық үйінде меймандар алдымен жаңадан жұмысын бастаған Татуласу орталығының жұмыс барысымен танысып, тың бастамаға оң көзқарастарын танытты. Ал, Достық үйі жанындағы түрлі ұлт өкілдерінің этно-мәдени бірлестіктері мүшелерінің өнері таңдай қақтырды. Облысқа танымал «Ақ ниет» әжелер ансамблі халық қалаулыларына ақ бауырсақ пен ақ дәм ұсынып, қонақжайлық танытып, өнер көрсетсе, татар, славян, украин мәдени бірлестіктерінің мүшелері әннен шашу шашты. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Наринэ Микаелян мен Магеррам Магеррамовтың жасыл өлкеге сапарын аудан әкімі Асхат Шахаров бастаған лауазымды тұлғалар бастап жүрді.

рисунок