21.03.2015

Көктем мен бейбітшілік мерекесі

2015 жылдың 21 наурыз айында  «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жоба Зеленов ауданының Макаров ауылдық округінде өткен болатын. Аталған жоба Наурыз мейрамымен тұспа-тұс өткізілді. Макаров ауылындағы  мектептің спорт залы ауыл тұрғындары, қонақтар мен түрлі ұлт өкілдеріне лық толды. Округтің барлық елді-мекендерінен келген ұлт өкілдері бір-бірімен көрісіп, өздерінің ұлттық салт-дәстүрлерімен, ұлттық тағамдарымен және музыкалық сәлемдемелерімен бөлісті.

Аталған мерекеде тұрғындар арасында үздік ұлттық киімдер байқауы да ұйымдастырылды.  Түрлі ұлт  өкілдерін таныстыру байқауында бірінші орынды Макаров ауылдық округі әкімі аппаратының ұжымы жеңіп алды, олар украин халқын, олардың шығармашылығын жан-жақты көрсете білді.  Екінші орынды қазақ халқын таныстырған Садовое ауылының қонақтары, ал үшінші орынды неміс ұлтын көрсеткен Макаров жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы иеленді. Сонымен қатар, Факел ауылындағы Подхоз негізгі білім беретін мектебінің ұжымы ұйғыр ұлтын, Макаров аулындағы «Айгөлек» балабақшасының ұжымы өзбек ұлтын таныстырып, көрермен көзайымдары болды.

Бұл мереке көпұлтты елімізде барлық ұлттар мен этникалық бірлестіктердің татулық пен өзара келісімде өмір сүріп жатқандықтарының тағы бір дәлелі болды.

рисунок

рисунок