18.03.2015

Мега жоба Зеленый ауылында
 
2015 жылдың 18 наурыз күні Зеленый ауылына Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы аясында концерттік бағдарламамен Шалғай,Железнов және Белес ауылдық округтерінің шығармашылық ұжымдары келді.
 
Концерттің алдында «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, соңы концерттік бағдарламаға ұласты. «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасының эстафетасы Зеленов ауылдық округі әкіміне табысталды.Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары А.Т. Досжанов, ауылдық округ әкімі шығармашылық ұжымғы құттықтау сөздерін айтып, бақыт, жұмыстарына табыс тіледі.
 

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок