14.03.2015

Мега жоба эстафетасын табыстау жалғасуда

«Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы  аясында басталып, жалғасын тауып отырған  «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы»-атты мега жобасының алар орны ерекше, ол Қазақстандықтарды ортақ Отанымыздың баянды бүгіні мен   болашағы жолында біріктіре түсуде. Осындай ұранмен ауданымыздың Махамбет, Мичурин және Краснов ауылдық округ көркемөнерпаздары Көшім ауылдық округі  Үлкен Шаған ауылы  мәдениет үйінде халықтар достығы ұлтаралық ынтымақтастық шарасы округ әкімдерінің және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысының қатысуымен  «Бейбітшілік пен келісім - Мәңгілік Елдің тұтқасы» атты дөңгел үстел отырысымен басталып, кейін жоғарыда көрсетілген үш округтің ұйымдастыруымен мерекелік концерт көрермендер назарына ұсынылды.  Мерекелік шараға ауыл тұрғындары жоғары баға берді. Халықтар достығы яғни, ұлтаралық ынтымақтың арқасында Қазақстан өтпелі кезең қиындықтарын жеңіп, Тәуелсіздігімізді нығайтуда. Бүгін міне, алуан тілде шырқалған әсем ән, ырғақты би, әсерлі өлең рухани жан-дүниемізді байытып, бір-бірімізге деген құрмет сезімін арттыра түсті.  Мәдени шараның соңы көрермендердің көңілді ықылас қошеметімен Көшім ауылдық округі әкімінің  міндетін атқарушы А.К.Дуйжановтың  келген округ әкімдеріне  алғыс  хат   қағаздарын табыстауымен аяқталды.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок