02.03.2015

Мега жоба Дарияннан басталды

Зеленов ауданында «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасының  ауданішілік кезеңі басталды. Апта басында халықты келісім ұғымына үндеген шараның сәтті өтуіне ақ жол тілеген аудан әкімі Кәрім Жақыпов мега-жобаның көшпелі символын салтанатты түрде Переметный ауылдық округі әкімінің орынбасары Александр Вахрушевке табыстады.

 Осы күні Переметныйдан Дариян ауылына жеткен мега-жоба ауылдық кітапхана ғимаратында өткен дөңгелек үстелден басталды. Жиын барысында екі тарап Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында еліміздегі ұлт пен ұлысты біріктіру мақсатында дүнияға келген Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі мен ортақ отанымызды дамыту үшін бірігуіміз керектігін айтты. Ал содан соң мега-жобашылар ауылдық мәдениет үйінде өткен переметныйлық өнерпаздар коцертін тамашалады. Қазақы дәстүрде шашу шашылып басталған концертте, Ұлттық мәдени орталық мүшелері мен «Ақниет» әжелер ансамлбінің бірлік пен татулықты жырға қосқан өлеңдерін оқып, жиналған қауымның көңілі көтерді.

Концерт соңында сахнаға аудан әкімінің орынбасары Ақылбек Аманғалиев барлық жиналғандарды Қазақ хандығының 550 жылдығымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен және келе жатырған Ұлы Жеңіс мерекелерімен құттықтаса, Переметный ауылдық округі әкімінің орынбасары Александр Вахрушев эстафета символын Дариян ауылдық округі әкімінің орынбасары Мәншүк Бадановаға табыстады. Осылайша бейбітшілік пен келісімді ту еткен акция ауданымызда алғаш болып Дарияннан басталды. Енді дарияндықтар көшпелі символды рубежиндіктерге табыстамақ.

 

рисунок рисунок