24.02.2015

Эстафета Тасқалаға табысталды

«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасының эстафетасын табыстау мақсатында Зеленов ауданының әкімі кәрім Жақыпов бастаған делегация Тасқала ауданында болды. Делегацияны Тасқала ауданының әкімі Санжан Әлиев әріптестерімен аудан орталығының шекарасынан қарсы алған соң, екі тарап Ұлы Отан соғысында қаза болған батырларға арналып қойылған «Азалы ана» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Әрі қарай делегация мүшелері аудандағы соғыс ардагерлеріне барып, олардың қал жағдайларымен танысып, сый-сыйяпат көрсетіп, кейін қос аудан спортшылар арасында өткен волейбол бәсекесін тамашалап, үздік шыққан команданы марапаттады. Кейін мега-жобашылар Тасқала ауданы әкімдігінде өткен «Қазақстан - татулықтың тал бесігі» атты дөңгелек үстелге жиналды. Шараны ашып жүргізген Санжар Жұматайұлы: «Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында берген тапсырмасын жүзеге асыру үшін бірлесіп, еңбектенуіміз керек. Еліміздің негізгі байлығы - ынтымақ пен бірлік. Осының негізін салушылар біздің ата-бабаларымыз. Біз сол дәстүрді бұзбауымыз керек.»,-дей келе бұл мега-жобаның түпкі мақсаты ел бірлігін одан әрі нығайтып, жұдырық болып жұмала білген елімізді игі істер мен ізгі мақстаттарға табыстау екендігіне тоқталса, одан кейін сөз алған Зеленов ауданының әкімі Кәрім Жақыпов: «Біздің аудан биыл өңіріміздегі аудандар арасында бірінші болып, мега-жоба эстафетасын қабылдап алды. Енді сіздің ауданға табыстап жатырмыз. Бұл ынтымақ пен бірлікті ту еткен акция әрі қарай жалғасын таба берсін.»,-дей келіп, қос ауданның жан-жақты қарым-қатынасы нығая беретініне сенімін білдірді. Ал осы жиынға арнайы қатысқан  Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбарасыры Ғайса Қапақов та сөз алып, барлық жиналғандарды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылымен, Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтай келе мега жоба еліміздегі бірлік пен рухани келісімге тікелей байланысты екендігіне тоқталды. Жиын барысында сөз алған өзге де қатысушылар екі ауданның тарих табыстырған өткеніне тоқталып, ел бірлігі турасындағы ойларын да ортаға салды. Дөңгелек үстелден кейін жиналғандар аудандық мәдениет үйінде зеленовтықтардың концертін тамашалады.  «Нұр-ай» би ансамбльінің «Шашу» биімен ашылған концерт сахнаға шыққан «Ақниет» әжелер тобы, ұлттық мәдени бірлестіктердің бір шумақ өлеңдерімен көмкеріліп, ауданның жас әншілері Ақан Жекеков пен Аида Габдеева орындаған әнге ұласты. Асхат Қажығалиев пен Артур Сисенов дәстүрлі әнімізден шашу шашса, «Шежіре» фольклорлық ансамбльінің орындауындағы күй өнерсүйер қауымның көңілдеріне көрік бере түсті. Сондай-ақ сахна төріне «Скифы» халықтық фольклор ұжымы да шығып, талайды өнерімен тамсандырды. Осылайша сәні мен салтанаты келіскен концерттен соң Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиев өнерпаздарға ризашылықтарын білдіріп,  ықылас гүлін тарту етсе, «Бұл шара ешқашан өзінің мән мағынасын жолғалтпайды. Елбасымыздың бастамасымен бастау алған осынау шара ек ауданның ғана емес барша еліміздегі татулықтың айғағы. Еліміз дами берсін! Өнеріміз өркендеп, достығымыз нығайя берсін!»,-деген Зеленов ауданының әкімі Кәрім Жақыпов мега-жоба эстафетасын табыстады.

 

 рисунок рисунок