рисунок

13 мамыр күні «Олимп» стадионында  аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Зор» кино фильмі жұртшылық назарына ұсынылды. Ашық аспан астында фильмді тамашалауға аудан тұрғындары көптеп жиналды.

Фильмде шағын қаладан шыққан дарынды боксшының өмірі Алматыға келген соң өзгереді. Анасының өтінішімен спортпен қош айтысып, Айдын жаңа да бейтаныс ортаға тап болады. Енді ол мегаполистің ауқатты үйден шыққан жастарымен дос болады, қайырымдылық ұйымда волонтерлік жұмыспен айналысады. Айдын жаңа достар табады, ғашығын кездестіреді. Алайда оны өмір сынағы күтіп тұр: достың сатқындығын көреді және анасына берген уәдесін бұзады, бәрінен айырылу үшін боксқа оралуға тура келеді.

Алдағы апталарда көрермен назарына отандық фильмдерді көптеп ұсынатын боламыз, -дейді ұйымдастырушылар.

рисунок

рисунок

рисунок