рисунок

Бүгін Зеленов ауданының əкімі Асхат Шахаров Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қ.Избасов, Е.Необутова, М.Дорощенконы жəне қоршауда қалған Ленинградта қызмет еткен "Ленинградты қорғағаны үшін" медалінің, "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" төсбелгісінің иегері К.Орлованы Жеңіс күнімен құттықтады.

- Майдан кешіп, Жеңіс күнін жақындатқан əр ардагер құрметке лайық. Əлемді фашизм тажалынан аман сақтау үшін талай боздақ опат болды. Жеңісті тойлап, соғыс зардабын жоюға өлшеусіз үлес қосқан ардагерлер бүгінгі қоғамның ең құрметті тұлғалары, - деген аудан басшысы əр ардагерге сый-сияпат ұсынып, денсаулық, отбасы амандығын тіледі.

Өз кезегінде құрметке ризашылықтарын білдірген майдангерлер зұлмат жылдардың енді қайталанбауын тілеп, береке-бірлік салтанат құрған елдігімізге тəубе десті.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок