Зеленов ауданы әкімі Асхат Шахаров, аудан прокуроры міндетін атқарушы Берік Сүйіншәлиев және мекемелер мер бөлім басшылары Январцев ауылында болды. 

Былтырдан бері ауданның әр ауылдық округінде тұрақты түрде өткізіліп келе жатырған ашық есік күндері атқарушы билік пен халық арасындағы кедергілерді жойып қана қоймайды. Сондай-ақ әр азамат өзін толғандырған сұрақты тікелей аудан басшысы мен бөлім, мекеме басқарып отырған азаматтарға қоя алады. Бұндай кездесулердің маңыздылығы да осында. 

Аудан әкімінің өзі болатынын естіген январцевтықтар да кездесуге көптеп жиналды. Негізінен кәсіп ашам дегендерге берілер несиелер мен жеңілдіктер, тегін жер телімі, балаларға берілетін жәрдемақы мен субсидия, үй құжаттарын рәсімдеу, құжаттарды қазақшаландыру, тегін дәрі-дәрмектің болмай жатқаны және аурухана мен ауыл мектебінің күрделі жөнделуі жайында сұрақтар қойылды. 

Әр тұрғынды жеке тыңдап, мәселелердің шешу жолдарын нұсқаған Асхат Берлешұлы тез арада шешілер сұрақтарды мекеме басшылары мен ауыл әкімімен ақылдаса отырып, оң бір ыңғайлы етті