Билік пен халық арасын жақындастырып, атқарушы органдар жұмысының ашық, әрі қолжетімді болуын арттыру мақсатында Зеленов ауданы орталығында «Ашық әкімдік» қоғамдық қабылдау шарасы ұйымдастырды.

Келушілер көп болмағанымен әр азаматтың көтерген сұрағы өте маңызды екенін түсінген аудан әкімі Асхат Шахаров әр тұрғынды өзі қабылдап, сол сәтте-ақ әріптестерімен ақылдаса отырып, тиісті жауаптарын берді. Негізінен жер телімін алу және рәсімдеу, апатты деп танылған үй тұрғындарын тұрғын үй кезегіне қойып, баспанамен қамту сияқты сұрақтармен келген ауыл тұрғындары ашық қабылдаудың ұйымдастырылуына дән риза. Ашық қабылдауға арнайы қатысқан аудан прокуроры Закария Саралеев тұрғындармен тілдесіп, құқықтық кеңес берді. Өткен жылы көшпелі қоғамдық қабылдау ауданның 9 ірі округінде ұйымдастырылса, биыл қалған округтерде жалғастыру жоспарланған.