Зеленов ауданы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХІ конференциясы өтті.

Кеңеске алдын ала сайланған делегаттар қатысты. Жиын барысында 2 сұрақ қарастырылды. Оның біріншісі партияның аудандық филиалы төрағасын сайлау болды. Ол орынға Астана қаласына барып, партияның орталық комитетінен әңгімелесуден өтіп келген Асхат Шахаровтың кандидатурасы ұсынылды. Бұл ұсынысты кеңес қатысушылары бірауыздан қолдады. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Саяси Кеңес құрамына Асхат Шахаровты еңгізу жөніндегі ұсыныс та отырыс барысында талқыға салынды.  Бұл ұсыныс та кеңес мүшелерінің қолдауын тапты.

Жиын барысында сөз алған Асхат Берлешұлы:

-Мені партияның аудандық филиалы төрағасы етіп сайлағандырыңызға ризашылығымды білдіремін. Билік партиясының өкілі ретінде Елбасымыз бен партияның алға қойған барлық міндеттерді ойдағыдай іске асыруға бар күш жігерімді сала жұмыстанатын боламын,-деді.