Келер жылы Зеленов ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында 35 жоба іске асырылмақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен бирфингте аудан әкімі Асхат Шахаров мәлімдеді.

Жыл басынан бері Зеленов аудандық жер қатынастар бөлімі мен аудан прокуратурасы бірлесе жүргізген «Қолжетімді жер» жобасын іске асыру аясында мақсатсыз пайдаланылған 123159 гектарды құрайтын 331 жер телімі анықталып, иелеріне ескерту жасалған.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаров журналистерге ауданның экономикалық-әлеуметтік ахуалын сөз етті. Аудан әкімінің мәліметінше, Зеленовта егіс көлемі айтарлықтай ұлғайған.

Аудан орталығында мерекеге орай азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Кәсіпкерлік бөлімінің ұйтқы болуымен ұйымдастырылған жәрмеңкеде аудандағы ірі кәсіп иелері өз өнімдерін ұсынды.

1991 жыл. Қазақстанның Тұңғыш Президентін сайлап, Тәуелсіздігін жариялаған ақжолтай хабар шартарапқа шапқылап кетті. Тарихтың тар тұстарында көздері жәудіреп, жыраққа кеткен ағайын әрісі Түркия, берісі Монғолия елінде өзді-өзі сүйінші сұрап, Жаратқанға тәубе десіп жатты. Қуаныштан жүрек жарылар, көрерменін елжіретер көрініс. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мәңгілік елдің тірегі — Елбасы!» атты салтанатты жиын ауданда осынау бейнекөрініспен басталды.

Аудандық мәдениет үйінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Елі сүйген Елбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Бүгін мемлекеттік «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында Махамбет селолық округі Павлов ауылында таза ауыз су жүйесі іске қосылды. ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында халық игілігіне берілген нысанның салтанатты іске қосылуына аудан әкімі Асхат Шахаров пен аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов қатысып, тұрғындар қуанышымен бөлісті.