ҰРЫЛАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!!!

 

Зеленов ауданының прокуратурасы және Зеленов АІІб  тұрғындарды ұрлық қылмыс тарының, соның ішінде мал ұрлықтарының жиі жасалатынын ескертеді.

 

Зеленов ауданының прокуратурасы:

8/71130/22-7-04

Зеленов аудандық ішкі істер бөлімі:

8/71130/22-0-02

 

 

ҰРЫЛАРДАН САҚТАНУ ӘДІСТЕРІ

- Қоғамдық орында болған кезде құнды заттарды (ақша, ұялы телефон және т.б.)бөгде адамдардың алуға мүмкіншілігі жоқ жерге салу қажет;

- Тұрғын үйдің немесе басқа да ғимараттардың есігін мұқият ішкі құлыппен құлыптау (аспалы құлыпты ашу жеңіл);

- Тұрғын үйде ірі мөлшерде ақшаны сақтамау;

- Адам көп жиналатын объектілерді (дүкендер, әкімшілік ғимараттар, ойын-сауық орындары) бейнебақылау камералармен жабдықтау және тиісті ескертпелер орнату;

 

МАЛ ҰРЛЫҚТАРЫН АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ:

- Ауыл шаруашылық жануарларын (ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы) бағымсыз дала жайылымына жібермеу қажет, себебі малдардың 90% далада бағымсыз жүрген жерінен ұрланады;

- Күн сайын кешкі мезгілде дала жайылымынан малдарды түгендеп, үйге айдап келіп, аулаға қамау қажет. Ұрылар негізінен түнгі мезгілде далада бағымсыз жүрген малдарды ұрлауды көздейді;

- Тұрғын үйлердің ауласының артқы есіктерін және мал тұратын шаруашылық құрылыстардың есіктерін мұқият құлыптау қажет;

- Ауыл шаруашылық жануарларын уақытылы және толық бірдейлендіру қажет;

- Шаруа қожалықтарға жұмысқа қабылданған мал бақташылармен еңбек келісім шартын және материалдық жауапкершілік шартын жасасу қажет;

- Шаруа қожалықтарға жылқы және ірі қара малдарына GPS-трекер орнату қажет.

 

Ескертпе:  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес ұрлық үшін кінәлі тұлғаның мүлкін тәркілеп 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілк құқық бұзушылық туралы кодексінің 406 бабына сәйкес ауыл шаруашылық жануарларын дала жайылымына бағымсыз жібергені үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.