рисунок

 

 

   

 

 

Округ әкімі - Жұмағалиев Абылай Еспайұлы

2009 жылдан бастап жұмыс істейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Округ аумағына 5 елді мекен: Январцево, Петрово, Чинарево, Красноармейское және Спартак кіреді.

 

2. ОКРУГ  ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ

Январцев ауылдық округі Зеленов ауданының  Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс   бөлігінде орналасқан. Ауылдық округ Ресей Федерациясы Орынбор облысы Ташла ауданымен шекаралас.   Округ аумағы  966,6  мың шаршы шақырымды құрайды.Орталығы Январцев   ауылы, Переметный ауылынан Январцев ауылына дейін 120 шақырым  және  Январцев ауылынан  Орал қаласынан  дейін 65 шақырымда орналасқан. Ауылдық  округі  әкімшілік-аумақтық орналасуы: 6  елді мекен, тұрғындар саны  1 қаңтар жағдайына 2726 адам құрайды. 11 астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

Ауылдық округі жолынан  Чинарев-Орал    жолы өтеді.

Ауылдық округінде  жалпы орта білім беретін мектептері бар, соның ішінде 1 орта, 2 негізгі, 1 бастауыш.2 ауылдық клубы жұмыс жасайды, Январцев  ОЖББ мектебінің жанында 1 интернат және 3 шағын орталығы,  1 ауылдық амбулаториясы, фельшерлік пункті  жұмыс жасайды. Мектептер барлық құралдармен жабдықталған.

Январцев ауылдық округіне №1 ауыл шаруашылық аумағына кіреді  -далалық, тұқым-мал  шаруашылықты.  Бұл  аймақта  тұқым, майлы  дақылдар, мал азығы өндірісі, картоп және көкөніс, жеміс-жидек егістері  шоғырланған. Мұнда  мал шаруашылығының сүт бағытындағы шаруашылықтар, шошқа және өнеркәсіптік құс шаруашылығы мен ет-жүнбағытындағы қой шаруашылығы жақсы дамыған.

Ауылдық округі  жер асты пайдалы қазбаларын дамыту (мұнай, газ, су, қиыршықтас, саз, әктаст.б.). Жер асты тұщы су қорын мол. Округтің  қолайлы рельефін ескеріп, жел, күн энергиясын пайдалануға болады.

Ауылдық округі  аумағында ерекше тарихи жерлер және  Январцев ОЖББ мектебінде мұражай бар

 

3.Ауылдық округі әкімінің  ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ӨКІЛДЕРІН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

Аты-жөні, әкесінің аты

Лауазымы

Қабылдау күні және уақыты

Байланыс

телефоны

 

Жумагалиев Абылай Еспаевич

 

 

Ауылдық округі әкімі

 

апта сайын,

дүйсенбі күні

сағат 9.00 ден 13.00 ге дейін

Январцев ауылы

 

87113151069

 

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:

1.     Жеке қосалқы шаруашылықтарын бар екендігін  туралы анықтама беру.

2.     Мектепке дейінгі мекемемелерге жолдама беру.

3.     Жер учаскелерін  меншітік құқығына алу.

4.     Орта жалпы білім беретін мекемелерге оқушыларды ақысыз тасмалдау.

 

4.«Январцев ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

1. «Январцев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  ауылдық округ әкімін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық - техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. «Январцев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Январцев ауылдық  округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Январцев ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Январцев ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі
егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6.  «Январцев ауылдық  округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі
 өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Январцев ауылдық  округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі басшысының шешімдерімен  және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Январцев ауылдық  округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090628, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Январцев ауылы, Советская көшесі,91 .

9. Мемлекеттік органның толық атауы - мемлекеттік тілде - " Январцев ауылдық  округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі. Орыс тілінде Государственное учреждение «Аппарат акима Январцевского сельского округа»

10. Осы Ереже «Январцев ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  құрылтай құжаты болып табылады. Зеленов ауданының әкімдігі мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады.

11. «Январцев ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің    қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Январцев ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Январцев ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13.  «Январцев ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  миссиясы: селолық округі әкімінің қызметін сапалы және уақытылы ақпараттық-талдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету. Мемлекеттің ақпараттық қамтамсыз ету, мемлекеттік қызмет көрсету облыстарындағы саясатын жүзеге асыру.


5. «Январцев ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 38 бабының 1 тармағына сәйкес, ауылдық округ әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және метериалдық-техникалық қызметін қамтамасыз етеді.

2) Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жөніндегі Президент саясатын өмірге жүйелі өткізу;

3) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент пен Үкімет актілерінің, облыс және аудан әкімдігі қаулыларының  орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, ауылдық округ аумағында орналасқан ұйымдармен оның орындалуына жәрдемдесу.

«Январцев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ функциялары:

1) әкім аппараты қызметінің Регламентін сақтауды қамтамасыз ету;

2) ішкі  тәртіп ережелерін бекітеді;

3) аппараттың қаржыландыру жоспарын бекітеді және бекітілген қаржыландырудың бюджеттік бағдарламасы шегінде қаржылық қаражатты жұмсайды;

4) аппарат бойынша өкім шығарады және нұсқауды бекітеді;

5) әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындауда  пайда болған келіспеушіліктерді жою үшін кеңестер ұйымдастырады;

6) әкім аппаратының аудан әкімі, аудандық мәслихат аппаратымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және халықпен өзара әрекеттестігін ұйымдастырады;

7) жергілікті бюджетті бекітуде (анықтауда) аудандық мәслихат сессиясының жұмысына қатысады;

8) әкім аппаратында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;

9) қазіргі заңнамаға сәйкес, кадрлық саясатты жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, әкім аппаратының қызметкерлерін лауазымға тағайындау және босату, оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы өкімдер шығарады.
     
6. Өз функцияларын атқару үшін ауылдық округ әкімі аппараты құқылы:

1) барлық меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардан әкім аппаратының құзырына жататын мәселелер бойынша қажетті ақпаратты, өзге материалдар, ауызша және жазбаша түсіндірмелерді сұрастыруға және алуға;

2) әкім аппаратының қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге;

3) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

4) ауылдық округ әкімінің тапсырмасы бойынша кәсіпорын, мекеме және ұйым өкілдерін әкім аппаратының құзіретіне жататын мәселелерді шешуге тартуға;

5) егер тапсырмада басқа орындалу мерзімдері көрсетілмесе, мемлекеттік мекемелермен қажетті материалдарды, мәліметтерді тапсыру жөніндегі әкім аппаратының талабы заңнамамен белгіленген мерзімде орындалуға жатады.

6) әкім аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түседі.

7) әкім аппараты қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, хаттар мен арыздарды қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, құжат айналымын талдау, іс жүргізуді жетілдіру, мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету;

8) жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі заңнамалардың орындалуын ұйымдастыру;

9) жер қатынастарын реттеу, шаруа (фермер) қожалықтарын  ұйымдастыруға, ауылдық округ аумағында кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдесу;

10) автомобиль жолдарының салынуын, қалыпқа келтірілуін, жөнделуін және күтіп ұсталуын ұйымдастыру;

11) елді мекенде нотариус болмаған жағдайда нотариалдық іс-әрекеттерді жасау;

12) жергілікті әлеуметтік инфрақұрлымның дамуына жәрдемдесу;

13) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

14) елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және су пайдалану мәселелерін реттеу;

15) шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асыру;

16) табысы аз адамдарды анықтау, ауданның жоғары тұрған органдарына еңбекпен қамтамасыз ету,  атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі ұсыныстар енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

17) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау мекемесіне дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

18) мектепке дейінгі ұйымдарды, мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

19) туысы жоқ адамдарды жерлеу және олар жерленген мәйіттерді тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.

 

Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Январцев ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Январцев ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын  селолық округ әкімі жүзеге асырады.

Ауылдық округ әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

18. «Январцев ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің   мамандары Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

19. «Январцев ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері өзінің қызметтік міндеттерін орындауда:

1)    ауылдық округ әкімімен өткізілетін шараларға қатысуға;

2)    кәсіпорын, ұйым және мекеме өкілдерін аппарат қызметі шеңберінде пайда болған мәселерді қарастыруға тартуға және олардан қажетті ақпаратты, ұсыныстарды және заңдарды, жарлықтарды және үкіметтік шешімдерді орындау жөніндегі қорытындыларды сұрастыруға;

3) ауылдық  округінің әкімінің тапсырмасы бойынша әкім аппаратының құзіреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқы бар

 

7. ПОШТА МЕКЕН-ЖАЙЫ: 090628, Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Январцев ауылы, Советская көшесі, 91

8. Электрондық пошта мекен-жайыakimat_yanvar@ mail.ru

9. Анықтама телефоны:  +7 (7113) 51-069 Факс: +7 (71131) 51-902

 

 

 

Январцев ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімет

Экономикалық нақты сектор

Атауы

2016 ж. 1.01.

2017 ж. 1.01.

Аумағы  750,1 ш.кв

Халық саны 2719  адам

Тұрғын үйлерді іске қосу (ш.м.)

133

-

Орта жалпы білім беретін мектептер

4

4

Интернет жүйесіне қосумен қамтамасыз етілгендер

Шағын бизнес субъектілері

42

47

Оның  ішінде белсенділері

42

47

ДА - 1,  МП - 5

Ауылдық  клуб - 2

Кітапхана - 4

 

Ауыл шаруашылығы

Атауы

2016 ж. 1.01.

2017 ж. 1.01.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру (теңге)

813534092

1713970219

соның ішінде мал шаруашылығы

266516439

342361761

ет (тонна)

212

221

сүт (тонна)

1571

1845

жұмыртқа (мың дана)

254

361

өсімдік шаруашылығы теңге

547017653

1371608458

бидай (өндірістен кейін) (тонна)

9005

25142

картоп (тонна)

1177

1155

көкөністер (тонна)

1371

1385

бақшалар (тонна)

1034

55

Майлы дақылдар (тонна)

941

2199

Төлдің түсімі (бас)

 

 

бұзаулар

643

404

қозылар мен лақтар

2428

2520

торайлар

422

115

құлындар

316

66

Мал басы және құстар саны (бас)

 

 

Ірі қара малдар

2163

2505

соның ішінде сиырлар

1083

1043

қой мен ешкі

3984

3859

шошқалар

527

676

түйелер

 

 

жылқылар

745

750

құстар

6881

6458

 

Әлеуметтік қорғау

Атауы

2016 ж. 1.01.

2017 ж. 1.01.

Жұмыспен қамту бөліміне жолыққандар (адам)

42

114

Жұмыссыздық деңгейі (%)

0,5

0,7

Жұмыссыздар саны (адам)

7

10

Жұмысқа орналастырылғандар саны (жұмыспен қамту орталығы арқылы) (адам)

17

76

Қоғамдық жұмысқа бағытталғандар (адам)

15

14

Кәсіптік оқуға бағытталғандар (адам)

5

2

Аз қамтылған отбасылардың жалпы саны

4

4

соның ішінде адам

28

28

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны (адам)

16

27

Барлық қаржы көздерінен көрсетілген көмек (мың теңге)

4069,4

4655,8

соның ішінде АӘК сома (мың теңге)

345,4

1058,8

Кәсіпорын,ұйымдармен көрсетілген қайырымдылық көмек, бірлік / (мың теңге)

 

24/316,2

АӘК орташа көлемі

2249

2845