Ерболатов

 

 

 

 

 

Округ әкімі - Ерболатов Болат Хайроллаұлы.

2013 жылдан бастап жұмыс істейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Округ аумағына 2 елді мекен: Дариян, Озерное ауылдары кіреді

 

 

ОКРУГ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ

Дариян ауылдық округі  Зеленов ауданының шығыс бөлігінде орналасқан. Округ аумағы  26728 га.  құрайды. Орталығы - Дариян ауылы - облыс орталығы Орал қаласынан 25  шақырым қашықтықта орналасқан. Ауылдық округ, оның ішінде 2  елді мекен.  

2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша халық саны 6084  адамды құрады. 12 ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

Аудан Ресей Федерациясының 1 облысымен Орынбор облысы (Первомай, Ташла аудандары) шектеседі.

Округте  жалпы білім беру жүйесі жақсы дамыған. Округте  2  жалпы білім беретін мектеп, соның ішінде  1  негізгі  мектебі бар. Сонымен қатар 1 саз мектебі жұмыс жасауда. Білім ордаларының материалдық-техникалық базасы заман талабына сай нығаюда.

Округ ауыл шаруашылық далалық, тұқым-мал  шаруашылықты аймаққа жатады. Бұл  аймақта  тұқым, майлы дақылдар, мал азығы өндірісі, картоп және көкөніс, жеміс-жидек егістері  шоғырланған. Мұнда  мал шаруашылығының сүт бағытындағы шаруашылықтар, шошқа және өнеркәсіптік құс шаруашылығы мен ет-жүнбағытындағы қой шаруашылығы жақсы дамыған.

Жер асты тұщы су қоры  мол. Округ  аумағында ерекше тарихи жерлер бар. Солардың бірі - Михаил Шолохов атындағы Дариян мұражай кешені. 

 

Округ  әкімінің және әкім орынбасарының ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ӨКІЛДЕРІН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

Аты-жөні, әкесінің аты

Лауазымы

Қабылдау күні және уақыты

Округ әкімі аппаратының  орналасқан орны

Байланыс

телефоны

 

Булат Хайруллович Ербулатов

 

 

әкім

 

апта сайын, Дариян ауылында дүйсенбі күні

сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

апта сайын, Озерное ауылында сәрсенбі күні

сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін

Дариян  ауылы  Балдырған көшесі 26

Озерное ауылы

Ауылдық мәдениет үйінде

 

87113124063

 

 

4.НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ МАҚСАТЫ,МІНДЕТТЕРІ

«Дариян  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

1. «Дариян ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округ  әкімінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Дариян ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Дариян ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Дариян ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Дариян ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Дариян ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Дариян ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Дариян ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Дариян ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090602, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Дариян ауылы, Балдырған көшесі, № 26.

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Дариян ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Дариян ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Дариян ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Дариян ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Дариян ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. «Дариян ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

14. «Дариян ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауылдық округі әкімінің қызметін сапалы және уақытылы ақпараттық -талдау және ұйымдастыру -құқықтық қамтамасыз ету.Мемлекеттің ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсету обылыстарындағы саясатын жүзеге асыру.

15. Міндеттері: Округ әкімінің  ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.

16. Функциялары:

1) әкім аппараты қызметінің Регламентін сақтауды қамтамасыз еті;

2) ішкі тәртіп ережелерін бекітеді;

3) аппараттың қаржыландыру жоспарын бекітеді және бекітілген қаржыландырудың бюджеттік бағдарламасы шегінде қаржылық қаражатты жұмсайды;

4) аппарат бойынша өкім шығарады және нұсқауды бекітеді

5) әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындауда пайда болған келіспеушіліктерді жою үшін кеңестер ұйымдастырады;

6) әкім аппаратының аудан әкімі, аудандық маслихат аппаратымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және халықпен өзара әрекеттестігін ұйымдастырады;

7) жергілікті бюджетті бекітуде (анықтауда) аудандық маслихат сессиясының жұмысына қатысады;

8) әкім аппаратында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;

9) қазіргі заңнамаға сәйкес, кадрлық саясатты жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, әкім аппаратының қызметкерлерін лауазымға тағайындау және босату, оларды тәртіптік жауапкершілкке тарту туралы өкімдер шығарады;

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдардан, жеке тұлғалардан және өзге де ұйымдардан  округ әкімі аппаратының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты және құжаттарды сұрату және алу;

2) әкім аппаратының қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге;

3) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуына жәрдемдеседі;

4) ауылдық округ әкімінің тапсырмасы бойынша кәсіпорын, мекеме және ұйым өкілдерін әкім аппаратының құзіретіне жататын мәселелерді шешуге тарту;

5) әкім аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түседі;

6) «Дариян ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;

7) хаттар мен арыздарды қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру,құжат айналымын талдау, іс жүргізуді жетілдіру, мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету;

 

 3. «Дариян ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

18. «Дариян ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Дариян ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын округ әкімі  жүзеге асырады.

19. «Дариян ауылдық округі  әкімінің аппараты» мм мамандары ҚР заңнамаларына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылдады.

20. . «Дариян ауылдық округі  әкімінің аппараты» мм қызметкерлері өзінің қызметтік міндеттерін орындайды;

 

4. «Дариян ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

22. «Дариян ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. «Дариян ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. «Дариян ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Дариян ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. «Дариян ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

 

27. «Дариян ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

5.ПОШТА МЕКЕН-ЖАЙЫ: 090602, Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Дариян  ауылы, Балдырған көшесі, 26

6.Электрондық пошта мекен-жайыЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

7.Анықтама телефоны: +7 (71131) 24-63, 24-190, Факс: +7 (71131) 24-190

 

Дариян ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімет

Экономикалық нақты сектор

Атауы

2016 ж. 1.01.

2017 ж. 1.01.

Аумағы  302 ш.кв

Халық саны 6084 адам

Тұрғын үйлерді іске қосу (ш.м.)

505

620

Орта жалпы білім беретін мектептер

3

3

Интернет жүйесіне қосумен қамтамасыз етілгендер

Шағын бизнес субъектілері

63

67

Оның  ішінде белсенділері

61

64

АА- 1, туберкулезге қарсы аурухана - 1, МП - 1

Ауылдық  клуб - 1 АМҮ - 1

Кітапхана - 3

 

Ауыл шаруашылығы

Атауы

2016 ж. 1.01.

2017 ж. 1.01.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру (теңге)

923923135

1839855418

соның ішінде мал шаруашылығы

237562328

285002220

ет (тонна)

234

240

сүт (тонна)

1172

1395

жұмыртқа (мың дана)

266

303

өсімдік шаруашылығы теңге

686360807

1554853198

бидай (өндірістен кейін) (тонна)

7932,6

19552,5

картоп (тонна)

2516

2490

көкөністер (тонна)

2313,9

2295

бақшалар (тонна)

1247

904

Майлы дақылдар (тонна)

1760,4

4660

Төлдің түсімі (бас)

 

 

бұзаулар

676

610

қозылар мен лақтар

1092

1502

торайлар

606

610

құлындар

56

35

Мал басы және құстар саны (бас)

 

 

Ірі қара малдар

2122

2259

соның ішінде сиырлар

737

744

қой мен ешкі

2229

3291

шошқалар

1059

1515

түйелер

 

2

жылқылар

141

148

құстар

6060

6006

 

Әлеуметтік қорғау

Атауы

2016 ж. 1.01.

2017 ж. 1.01.

Жұмыспен қамту бөліміне жолыққандар (адам)

86

189

Жұмыссыздық деңгейі (%)

0,3

0,6

Жұмыссыздар саны (адам)

10

23

Жұмысқа орналастырылғандар саны (жұмыспен қамту орталығы арқылы) (адам)

48

84

Қоғамдық жұмысқа бағытталғандар (адам)

40

43

Кәсіптік оқуға бағытталғандар (адам)

8

9

Аз қамтылған отбасылардың жалпы саны

3

3

соның ішінде адам

14

14

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны (адам)

11

 

Барлық қаржы көздерінен көрсетілген көмек (мың теңге)

10957,1

10505,1

соның ішінде АӘК сома (мың теңге)

526,9

 

Кәсіпорын,ұйымдармен көрсетілген қайырымдылық көмек, бірлік / (мың теңге)

 

29/263,5

АӘК орташа көлемі

3992