Бағдарламаның І - ші бағыты «инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша ауданда  2015 жылы «БҚО, Зеленов ауданы Переметное ауылының аудандық мәдениет үйінде күрделі жөндеу»  жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып 213,862 млн. теңге бөлінді, Жұмыспен қамту орталығы арқылы жоспар бойынша 35 адам жіберу жоспарланып. Сәуір айының 1 - нен бастап 35 адам жіберілді.

 

ІІ бағыт: кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту

Бағдарламаның ІІ-ші бағыты (Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамытуға - 2015  жылға бөлінетін қаражат әлі белгісіз.

 

ІІІ- бағыттың І құраушысы

«Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»

2015 жылға Бағдарламаның ІІІ-ші бағытының І шеңберіне (Оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу) бағыты бойынша - 7,571 мын. теңге  қаражат бөлініп  2014 жылғы кәсіптік оқуға жіберілген 26 адам қазіргі таңда оқуын жалғастыруда.

 

Жастар практикасы

2015 жылға жастар практикасын ұйымдастыруға 11,223 мын.теңге  бөлініп, 23 адам жастар практикасына жіберу жоспарланды бөлінген қаражат - 4,923 мын.теңге және 2014 жылдан жастар практикасын 34 адам жалғастыруда оған бөлінген қаражат 6,300 мын.теңге. Сәуір айының 14 - нен бастап 7 адам жіберілді.

 2015 жылдың қаңтар айының 5 - нен бастап 67 адам жастар практикасын аяқтады, соның ішінен 30 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

 

Әлеуметтік жұмыс орындары

2015 жылы әлуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға 14,304 мың.теңге бөлініп, 30 адам әлуметтік жұмыс орындарына жіберу жоспарланды бөлінген қаражат - 3,569 мын.теңге және 2014 жылдан әлуметтік жұмыс орындарын 75 адам жалғастыруда оған бөлінген қаражат 10,735 мын.теңге. Сәуір айының 14 - нен бастап 33 адам жіберілді.

2015 жылдың қаңтар айының 5 - нен бастап 146 адам әлуметтік жұмыс орындарын аяқтады, соның ішінен 60 адам тұрақты жұмысқа орналасты