Бағдарламаның І - ші бағыты инфрақұрылымды және тұрғын   үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша ауданда  2014 жылға 2 нысан  жоспарланған:

1 нысан - Зеленов колледжінің жатаханасын  күрделі жөндеуге  республикалық бюджеттен 48,436 млн. теңге бөлінді. Құрылған жұмыс орындарына 12 адам жіберу жоспарланып, жұмыспен  қамту орталығының жолдамасымен 12 адам жолданды.

Берілген нысаналы топтарға жататын санаттары:

аз қамтылғандар - 5 адам;

29 жасқа дейінгі жастар - 4 адам;

зейнеткерлік жасқа жеткенге дейінгі 50 жастан асқан - 2 адам.

2 нысан - Мичурин ауылында ауылшаруашылық дәрігерлік аурухана салуға 142,918 млн. теңге бөлінді. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы - 7 адам жіберу жоспарланып, 6 адам жолданды.

Берілген нысаналы топтарға жататын санаттары:

зейнеткерлік жасқа жеткенге дейінгі 50 жастан асқан - 4 адам.

 

ІІ бағыт: кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту

2014  жылы Бағдарламаның ІІ-ші бағыты (Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту) бұл мақсатқа республикалық бюджеттен  - 162 млн. теңге бөлінді. Несие алушылар Қазақстан Республикасының азаматарының ішінен өз бетінше жұмыспен айналысушы, аз қамтылғандар, жұмыссыз азаматтар, оралмандар, 29 жасқа дейінгі жастар, мүгедектер, әйелдер, зейнеткерлік жасқа жетпеген 50 жастағы адамдар.

2014 жылдың 1 шілдесінде - 12 адам өз ісін ашуға несие алды,  соның ішінен  1 адам мүгедек, өз ісін кеңейтуге - 4 адам несие алды.

Жалпы 2014 жылдың 1 шілдесіне -31,360 мың теңге көлемінде - 16 адам несие алды.

ІІІ- бағыт: Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

2014 жылға Бағдарламаның ІІІ-ші бағытының І шеңберінде (Оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу) бойынша 38 адамға 6,758 мың тенге  қаражат республикалық бюджеттен бөлінді соның ішінде:

- кәсіби даярлауға - 25 адам (4,704 млн. теңге);

- қайта даярлаудан - 7 адам (1,581 млн. теңге);

- біліктілігін арттыруға - жоспар бойынша  6 адам (4,73 млн. теңге)

2014 жылдың наурыз айынан бастап   

- қайта даярлауға 6 адам жолданып, соның ішінен 3 адам оқуын аяқтап тұрақты жұмысқа орналасты, 3 адам оқуын жалғастыруда.

- біліктілігін арттыруға - 5 адам жолданып,  соның ішінен 4 адам оқуын аяқтап  тұрақты жұмысқа орналасты, 1 адам оқуын жалғастыруда.

Кәсіптік оқуын 2011-2013 жылдардан бастап жалғастырып жатқандар -  70 адам, оның ішінен 14 оқуын аяқтап - 12 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

 

Жастар практикасы

2014 жылы жастар практикасын ұйымдастыруға 17,752 млн. теңге  бөлініп,   90 адам жастар практикасына жіберуге жоспарланып отыр, 01.03.2014 ж. - 30.06.2014 ж. бастап - 38 адам жолданып, соның ішінен - 14 адам  жұмысын аяқтады.

Берілген нысаналы топтарға жататын санаттары:

балалар үйлерінен тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата - ананың қорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар - 1 адам.

 

Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша

2014 жылы әлуметтік жұмыс орындарына 86 адам жіберуге  жоспарланып, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен  - 19,952 млн. теңге бөлінді, 01.04.2014 ж. - 30.06.2014 ж. бастап 117 адам жолданып, соның ішінен - 3 адам өз еркімен жұмыстан босатылды.

Берілген нысаналы топтарға жататын санаттары:

21 жасқа дейінгі жастар - 3 адам;

29 жасқа дейінгі жастар - 27 адам;

зейнеткерлік жасқа жеткенге дейінгі 50 жастан асқан - 24 адам.

қылмыстық атқару инспекциясында пробация қызметінде тұрған - 1 адам;

кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көп балалы ата - аналар - 3 адам;

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар - 2 адам;

мүгедектер - 2 адам;

зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) - 5 адам;

рисунок\

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок