Бағдарламаның 1-ші құраушының  3 бағыты (оқыту және жұмысқа орналыстыруға жәрдемдесу) аясында 2014 жылға оқытуға 38 адам жоспарланды, соның ішінде:

кәсіби даярлауға - 25 адам;

қайта даярлауға - 7 адам;

біліктілігін арттыруға - 6 адам.

Бағдарламаның  3-ші  бағыты (оқыту және жұмысқа орналыстыруға жәрдемдесу) аясында 6,130 мыңтеңге қаражат республикалық бюджеттен бөлінді. 2014 жылы 3 наурыздан бастап қайта даярлауға төмендегі көрсетілген мамандықтардан 3 адам жіберілді: шаштараз - 2,  аспазшы  - 1; біліктілікті арттыруға: 1 адам - шаштаразға, 1 адам - 1С бухгалтерияға, 1адам - аргондәнекерлеушіге. Әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы жұмыс берушінің өтініші (хабарламасы) жасалды. 2011  жылдан  «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасымен түлектерді жұмысқа орналастыру жұмысы жүргізілуде.

 

Жастар практикасы

2014 жылы Зеленов  ауданы  бойынша  арнаулы орта білім және жоғарғы оқу орынын бітірген  түлектерді  жұмысқа орналастыруға көмек көрсету үшін жастар практикасын  ұйымдастыруға  65 адам жоспарланып, бұл мақсатқа -17,253 млн. теңге бөлінді.

Қазіргі таңда,  наурыз  айына-10 адам, сәуір айына -15 адам жолданды. Жастар  практикасына жұмысқа тарту жұмыстары  әрі қарай жалғасын табатын болады.

 

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының ІІ бағыты бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасының 2014 жылы тұрмысы төмен және жұмыссыз азамат(ша)ларға, оралмандарға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға республикалық  трансферт көлемі 162 млн теңге несие беру ерекшеленген. Осы бағдарлама бойыншы 01.04.2014 жыл аралығында 68 қатысушы өз өтініштерін берді. Кәсіпкерліктің негізгі бағыттары ауылдық елді мекенде мал шаруашылығын  (МІҚ, жас өспірім, қой шаруашылығы, құс шаруашылығы) өсімдік шаруашылығы (картоп шаруашылығы, бау-бақша), тұрмыстық қызмет көрсету саласы (жол бойындағы сервис, жол-қызмет көрсету сервисі, ұннан пісірілген тағамдар, жүк тасымалдау және жолаушы тасымалдау, монша, тойхана,  ара шаруашылығын) дамыту. Ауылдық округ  әкімдерімен бірге екі аудандық комиссия отырысы  өткізілді.

Сонымен бірге «Қаржылай қолдау қоры» мамандары және «Баға берушілер» ЖШС  22 ауылдық округтің меншік бағасын айналып өтті. Дәл осы кезде  кепілдік мүлікке де  тексеру жасады.