БҚО, Зеленов ауданы, Переметный ауылы, Гагарин кошесі, 68А

Бағдарламанын басты бағыты: Жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздықты қысқарту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу

рисунок 

 

 

 

 

 

 

Директоры -  Баштавенко Виктор Григорьевич, жұмыс телефоны 25840, сот 87772364191.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірінші бағыт: Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету

Бірінші бағыт әлеуметтік -экономикалық даму әлеуеті орташа немесе жоғары қалалар мен ауылдық елді мекендерде, саяжай кенттерінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен  халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған және жұмыс орындарын шұғыл құруға және жұмыссыздық деңгейін бақылауға мүмкіндік береді

 

Екінші бағыт: кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту

Екінші бағыт жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы кәсәпкерлікті ынталандыруды және экономикалық белсенділікті арттыруды, тіректі ауылдық елді мекендерді  кешенді дамытуды көздейді.

Екінші бағытта мынадай құрамдас бөліктер бар:

1) ауылдағы жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау;

2) тіректі ауылдарды кешенді дамыту.

 

Үшінші бағыт: жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу ықпал ету 

Оқыту және жұмысқа орналастыру ықпал ету: кәсіби оқыту, жұмысқа орналастыру және кәсіби бағдарлану мәселелері бойынша кеңес беру, тегін біліктілігін арттыру, кәсіби даярлау және қайта даярлау (әрі қарай- кәсіби оқыту) курстарына жолдама беру. Кәсіби оқытуға материалдық көмек көрсету. Сәйкес келетін бос жұмыс орындарын іздестіріп, жұмыспен қамтылуына ықпал ету, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындары мен жастардың іс- тәжірибеден өтуін құрастыру.

 

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушылары болып табылады  Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар - жұмыссыздар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, табысы аздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және қатысу басымдылығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады. Бағдарламаға қатысу үшін басымдық мынадай санаттарға: жалпы білім беру мектептерінің 11-сыныбын бітірушілерді, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектерін қоса алғанда, жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастарға; он сегізден жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; еңбек қызметімен айналысу үшін денсаулығы бойынша қарсы айғақтары жоқ мүгедектерге; ауылды жерлерде тұратын әйелдерге; зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдарға; жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерге; ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушы болып табылатын адамдарға; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдарға; бас бостандығынан айыру орындарынан және (немесе) мәжбүрлі емдеуден босатылған адамдарға.

 

2015 жылдың І тоқсанына ақпарат

 

2014 жылдың 12 айында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында Зеленов аудандық жұмыспен қамту орталығында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат 

 

2014 жылғы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында Зеленов аудандық жұмыспен қамту орталығында 9 айда атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

 

2014 жылғы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында Зеленов аудандық жұмыспен қамту орталығында 6 айда атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

 

Зеленов ауданының жұмыспен қамту орталығымен 2014 жылдың І – тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы қысқаша ақпарат