рисунок

 

  

Төлепқалиев Тілекбай Қажымұратұлы

 

телефон 8/77130/22-070 

 

 

 

Бөлімнің заңды мекен-жайы: 090600 Қазақстан Республикасы

 

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Переметное селосы,

 

Гагарин көшесі, 82

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (rar, 196 Kb)

 

Зеленов ауданы бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2015 жылдың I тоқсанындағы атқарылған жұмысы туралы ақпарат

 

Зеленов ауданы бойынша 2014 жылдың 10 айдын ішінде атқарылған жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстары жөніндегі ақпарат

 

Зеленов ауданы бойынша 2014 жылдың 2 тоқсан ішінде атқарылған жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстары жөніндегі ақпарат

 

Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2014 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары туралы мәліметтер

 

 

«Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме туралы

 

Ереже

 

 

 

1.     Жалпы ережелер

 
 

1.1. «Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме (бұдан әрі-бөлім) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру саласында мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган болып табылады.

 

1.2.  Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Президент, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулыларын, облыс, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінің бұйрықтарын, сондай -ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

1.3.  Бөлім мемлекттік мекеменің ұйымдастырушылық - құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрі, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің Қазынашылық органдарында есепшоттары болады.

 

Бөлім өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

 

Егер заңнамаға сәйкес Бөлім оған уәкілетті болса, ол мемлекет атынан азаматтық -құқықтық қатынастар жағы болып әрекет етуге құқылы.

 

 

 

1.4 Бөлімнің заңды мекен-жайы:

 

090600 Қазақстан Республикасы

 

Батыс Қазақстан облысы

 

Зеленов ауданы

 

Переметное селосы

 

Гагарин көшесі, 82

 

1.5 Бөлімнің мемлекеттік тілдегі атауы:

 

«Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

 

Бөлімнің орыс тіліндегі атауы: Государственное учреждение «Зеленовский районный отдел занятости и социальных программ»

 

 

 

1.6 Зеленов ауданының әкімдігі Бөлімнің құрылтайшысы болып табылады. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 6 қаңтардағы № 40 қаулысы және осы Ереже Бөлімнің құрылтайлық құжаттары болып табылады.

 

Бөлім туралы Ереже және оның құрылымы аудан әкімдігімен бекітіледі.

 

1.7. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен іске асырылады.

 

 

 

2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары және құқығы 

 

1) мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру;

 

2)халықты әлеуметтік қорғау туралы әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру;

 

3) кедейлікті азайту, халықтың өмір сүру деңгейін және табысын көтеру, еңбекақы төлеуді ұйымдастыруды, еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды жетілдіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

 

4) отбасыларды, аналарды, балаларды, мүгедектерді және олардың жанұя мүшелерін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік қорғауды қажет ететін жекеленген санаттарын қолдау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік көмек шараларын жүзеге асыру;

 

5) әлеуметтік әріптестік негізінде ұжымдық еңбек қатынастарын реттеу;

 

6) мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік түзеу арқылы қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

 

7) мүгедектерді оңалту жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

 

8) әлеуметтік қамтамасыз ету және жұмыспен қамту заңнамаларының  сақталуына бақылау болып табылады.

 

2.2 Бөлімнің оған жүктелген міндеттеріне сәйкес функциялары:

 

1) мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік түзеу арқылы қолдаудың бағдарламаларын әзірлеу;

 

2) мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу, оларға арнайы әлеуметтік көмекті үйде көрсету;

 

3) мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға әлеуметтік қолдау, кеңес көмегін беру;

 

4) әлеуметтік мәселелер бойынша аудандық бағдарламалардың жобаларын мүдделі органдармен әзірлеу және келістіру, олардың орындалуын ұйымдастыру;

 

5) әлеуметтік салада болып жатқан процестерді талдау, жағдайды болжау, істердің жағдайы туралы қорытынды құжат әзірлеу, облыстық департаментті және аудан әкімі аппаратын әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асу барысы туралы хабардар ету;

 

6) әлеуметтік әріптестік, еңбек қатынастарын дамыту жүйесін реттеу туралы ұсыныстары  дайындау және жүзеге асыру;

 

7) мүгедектерді оңалтудың мемлекеттік жүйесін ұйыдастыру және дамыту жөніндегі  шаралады әзірлеу және жетілдіру, оларға протез-ортопедиялық заттармен көмек көрсету;

 

8) нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына көмектесуді қамтамасыз ететін халықты жұмыспен қамтудың аумақтық бағдарламалары мен арнайы шараларды жүзеге асыру;

 

9) аудандық еңбек рыногы бойынша мәліметтер базасын және бос орындарды құру негізінде жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстарды болжау, талдау және халықты, облыстық департаментті, аудан әкімін еңбек  рыногының жағдайы туралы хабардар ету;

 

10) жұмыспен қамту бағдарламасын әзірлеу, жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарын, кәсіптік даярлығын, қайта даярлығын ұйымдастыру, жұмыссыздардың еңбекке орналасуына көмектесу, жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпарат базасын құру және қолдау;

 

11) азаматтардың ұсыныс, арыз, шағымдарын қарау, олар бойынша тиісті шаралар алу, бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау және кеңес беру болып табылады.

 

2.3 Бөлім оған жүктеген міндеттері және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін өз құзіреті шегінде құқылы:

 

1) белгіленген тәртіппен кәсіпорындардан және ұйымдардан өзінің функцияларын орындауға қажетті құжаттарды, қорытындыларды, аңықтамалық және де өзге материалдарды сұратуға және алуға;

 

2) барлық меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қолданыстағы заңнама талаптарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінің, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық құжаттардың орындалуына бақылауды белгіленген тәртіппен жүзеге асыру, Бөлім құзыретіне жататын комиссия жұмысына қатысу;

 

3) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында қолданыстағы заңнама нормаларын бұзған басшы қызметкерлер мен лауазым иелеріне тәртіптік немесе өзге де жазаны салу немесе олардың лауазым орнына сәйкестігі туралы тиісті органдарға ұсыныс жіберуге, қажетті жағдайларда материалдарды прокуратура органдарына жолдауға;

 

4) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қазіргі заңнамаларға қайшы келетін мекемелер мен кәсіпорындардың бұйрықтары, нұсқаулары және басқа да нормативтік құжаттарының күшін жою туралы ұсыныс беруге;

 

5) меншік нысанына және ведомстволығына қарамастан, мекемелер мен кәсіпорындарға бөлім құзіретіне жататын мәселелер бойынша танысуға және тексеруге баруға;

 

6) аудан деңгейіне жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар жағдайына ықпал ететін қаржы-несие, инвестициялық, салықтық, әлеуметтік саясатқа байланысты шешімерді әзірлеуге қатысуға;

 

7) белгіленген тәртіппен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама мәселелері бойынша конференция, семинар, кеңестер өткізуге;

 

8) бюллетень, плакаттар, буклеттер, әдістемелік материалдар шығаруға, жарнамалық -стендтік мүліктері болуға;

 

9) заңнамамен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға.

 

 

3. Бөлім қызметінің ұйымдастыру

 
 

3.1. Аудандық бөлім және оның ведомствосына қарасты органдар бір жүйені құрайды.

 

3.2. Аудандық бөлім Бөлім қызметін қамтамасыз ететін аппаратан және басқа құрылымдардан тұрады.

 

3.3 Бөлімді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтк бағдарламаларды үйлестіру Департаментімен келісім бойынша аудан әкімімен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.

 

3.4. Басшы Бөлім жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау және онымен өз функцияларын жүзеге сыру үшін дербес жауапты болады. Бұл мақсатта Бөлім бастығы:

 

1) Бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттігін белгілейді, оларға Бөлімнің қызметінің жекеленген саласын басқаруға жауапкершілікті жүктейді.

 

2) орындалуы міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

 

3) еңбекақы төлеу қорының және қызметкерлер санының белгіленген шегінде Бөлімнің шығыс сметасы және штаттық кестесін белгілейді.

 

4) барлық мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Бөлім мүддесін көрсетеді;

 

5) заңнамаға сәйкес бөлім аппараты қызметкерлерін, жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің меңгерушілерін лауазымға  тағайындайды және лаузымнан босатады;

 

6) заңнамамен белгіленген тәртіппен ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза салу мәселелерін шешеді;

 

7) бөлімнің жұмыс кестесін, келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарын белгілейді.

 

8) заңнамамен белгіленген тәртіппен өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

3.5 Бөлім бастығы жоқ болған жағдайда оның міндетін уақытша бастық орынбасары атқарады.

 

 

4. Бөлім мүлкі

 
 

4.1 Бөлімнің жедел басқару құқығында жекеленген мүлкі болады.

 

Бөлімнің мүлкі оған мемлекетпен берілген мүлік есебінен қалыптастырады, негізгі және айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Бөлімнің теңгерімінде өзге де мүліктен тұрады.

 

4.2. Бөлімнің мүлкі коммуналдық меншікке жатады.

 

4.3. Бөлім оған бекітілген мүлікті өздігінен алуға және өзге де жолмен иелік етуге құқы жоқ. Бөлімге мүлікке иелік етуге құқық берілуі мүмкін. Бұл мақсатта заңнамамен ол мүліктің құнының шекті мөлшері белгіленеді.

 

 

 

5. Бөлімнің қайта құрылуы және таратылуы

 
 

 

 

5.1. Бөлімнің қайта құрылуы және таратылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылада.