Бәйтерек ауданының аумағы 742133 га құрайды, соның ішінде: ауданан тыс жерде пайдаланылатын көлемі 2489 га және бөтен аудандар жер пайдаланушылармен пайдаланылатын -1215 га құрайды.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерінің көлемі-524500 га, соның ішінде: егістік-273194 га, көп жылдық екпелер-364 га, тынайған жерлер-89312 га, шабындық-18023 га, жайылым-142955га.

БҚО бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына 11 жер учаскесінің тізімі нысаналы мақсаты сәйкес пайдаланбауы бойынша тексеріс жүргізу үшін жолданған болатын. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде 4 жер учаскесін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбауы фактісі анықталып, жер пайдаланушыларына заң бұзушылықтарын жою жөнінде нұсқама берілді.

Зеленов аудандық жер қатынастары бөлімімен 2018 жылдың 1 қаңтарымен 31 желтоқсанына дейін Көшім, Раздольный, Шалғай, Трекин, Январцев, Рубежин, Железнов, Егіндібұлақ ауылдық округтері аумағындағы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу және шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізілді. Конкурс қорытындысына сәйкес жалпы көлемі 3799,1 га құрайтын 14 жер учаскесі жалға берілді. Сонымен қатар коммерциялық нысандар құрылысы және оған қызмет көрсету мақсатына арналған жалпы көлемі 1,9074 га құрайтын 5 жер учаскесіне аукцион өткізілді. Аукцион қорытындысына сәйкес көлемі 0,1921 га құрайтын 2 жер тучаскесі сатып алу құқығымен 3 жылға жалға берілді.

Зеленов аудандық жер жер қатынастары бөлімімен 2018 жылдың 12 айына ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн 38,796 га жер учаскесіне ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасын өтеуімен республикалық бюджетке 3 648 711 тенге көлемінде қаражат түсті. Жер учаскелерін сату және нысаналы мақсатын өзгерту бойынша 9,41га жер теліміне  35 331 206 тенге көлемінде қаражат аудан бюджетіне түсті. (жер учаскелерін жалға беру бойынша 474 келісім шарттар жасалса, жер учаскесін сату бойынша 70 сатып-алу шарттарының жасалды).

2018 жыл ішінде жер пайдаланушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізу кезінде ауыл шаруашылығы мақсаты бойынша пайдаланбайтын 17 жер учаскелері мемлекеттік меншігіне жалпы көлемі 6232 га жер учаскелері ауыл шаруашылығы айналымға енгізілді.

2018 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығындағы көрсеткіш бойынша жеке және заңды тұлғалардан 1131 өтініш тіркелді. Соның ішінде жеке тұлғалардан 1012 өтініш, ал заңды тұлғалардан - 119 өтініш қаралды. Жеке тұлғалардан келіп түскен 1012 өтініштің 657- не толық жауап беріліп, қалған 355-на түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал заңды тұлғалардан келіп түскен 119 өтініштің 89-на толықтай қанағаттандырылып, қалған 30-на хат түрінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Осы мерзім ішінде жер қатынастары бөлімімен 3 265 мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

- жеке меншікке сатылатын жер учаскелерін нақты кадастрлық (бағалау) құнын бекіту – 126;

- жерге орналастыру жобаларын бекіту – 976;

- Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша өтініштерін қарау – 168;

- жер учаскелерін іздестіру жұмыстарына пайдалану үшін аудандық жергілікті атқарушы органға рұқсат беруге ұсыныстар дайындау – 34;

- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» стандарт жөніндегі өтініштерін қарау – 1959.