рисунок 

 

Бөлім басшысы - Төлегенов Қайрат Асылбекұлы

жұмыс телефон  8 (71130) 23506, 23396

 

 

 

 

 

 

 

 

Зеленов ауданы бойынша берілген жер учаскелері бойынша ақпарат

Жеке тұрғын үй құрылысы және өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін -2014 жылы 17 жер учаскесі, көлемі 1,7 га, 2015 жылы-12 жер учаскесі, көлемі 1,2 га, 2016 жылы- 5 жер учаскесі, көлемі 0,5 га .

Коммерциялық бағыттағы- 2014 жылы- көлемі 74,3366 га  74 жер учаскесі, 2015 жылы 36 жер учаскесі -көлемі 37 201 га, 2016 жылы 130 жер учаскесі -көлемі 131,464 га берілді.

Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін 2014 жылы -16 ауыл шаруашылық құрылымдарға көлемі 23538 га, 2015 жылы 38 -көлемі 33538 га, 2016 жылы 81 агроқұрылымдарға көлемі 18839 га.


Зеленов ауданы бойынша 2017-2018 жылдары жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (rar, 432 Kb)

 

Шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскесіне құқық беру тәртібі (rar, 18 Kb)

 

2015 жылдың 3 ай бойынша «Зеленов аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

 

2014 жылдың 12 ай бойынша «Зеленов аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

 

2014 жылдың 2 тоқсаны бойынша «Зеленов аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

 

2014 жылдың 1 тоқсаны бойынша «Зеленов аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ атқарылған жұмыстар туралы мәлімет.

 

Мекеме қызметінің негізгі бағыттары болып табылады:

- иесіз жер телімдерін есепке алу; жер учаскелерін беру немесе олардың нысаналы мақсатын өзгерту бойынша ауданның жергілікті атқарушы органның ұсыныстары мен шешім жобаларын дайындау;

- жер учаскелерін алу бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

- жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

- жеке меншікке сатылатын жер учаскелерін нақтыкадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

- жерге орналастыруды ұйымдастыру және жер учаскелерін нақты кадастрлық құнын бекіту;

- жерге орналастыруды ұйымдастыру және жер учаскелерін жасақтау жерге орналастыру жобаларын бекіту;

- жерді аймақтарға бөлу жобаларын жабдықтауды ұйымдастыру және аудандарда жерді тиімді пайдаланудың бағдарламасы мен схемаларын жасау;

- елді мекендер аумағында жер-шаруашылық орналастыру жобаларын жабдықтауды ұйымдастыру;

- жерге сауда-саттық ( аукциондар, конкурстар) өткізуді ұйымдастыру;

- жерді пайдалану мен қорғауға байланысты, қалалық, аудандық бағдарламаларын, жобаларын және схемаларын сараптамадан өткізу;

- аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) жер балансын жасау;

- жер  учаскелері мен жер пайдаланушы иелерінің және басқа да жерге құқығы бар нысандар есебін жүргізу;

- жер учаскесіне құқықты табыстау құжаттарын беру;

- жер учаскесі бар немесе жоқтығы туралы анықтама беру;

- ауыл шаруашылық мақсаттағы жер учаскелеріне паспорт беру;

- жер учаскесін жалға беру және уақытша өтеусіз жер пайдалану үшін сатып алу алу-сату келісім-шарттарын жасасу;

- жер кодексінің 71-бабына сәйкес жер учаскелерін іздестіру жұмыстарына пайдалану үшін аудандық жергілікті атқарушы органға рұхсат беруге ұсыныстар дайындау;

- ауыл шаруашылық жерлерді бір түрінен екіншісіне аудару жөнінде ұсыныстар дайындау.

 

Жер учаскесiне құқық беру тәртiбi

1. Мемлекеттiк меншiктегi жерлерден жер учаскесiне құқық  беру мынадай ретпен жүргiзiледi:

 

1) жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтінішті қарауға қабылдау;

 

2) сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтық бөлуге мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау;

 

3) жер учаскесiн алдын ала таңдау (жер учаскесі объектілер салу үшін сұралған кезде);

 

4) тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның жер учаскесін беру туралы қорытындысын дайындауы;

 

5) жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту;

 

6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдауы;

 

7) сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу;

 

8) жергілікті жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу;

 

 

9) жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттарын дайындау және беру.