Жоба

 

Бәйтерек ауданы аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасы

 

1.  Жалпы ережелер

1. Осы қағида Бәйтерек ауданы аумағында қаңғыбас иттер және мысықтарды аулау және жою тәртібін анықтайды (бұдан әрі- Қағида).

2. Қағида Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес жасақталды.

3. Қағида қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жұмыстарына таралады.

4. Қағида қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жұмыстарын іске асыратын  меншік, ұйымдастыру-құқықтық және ведомостық пішініне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың (әрі қарай-аулау және жою ұйымдары) орындауы үшін қажет.

5. Аулау және жою ұйымы, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап және мал моласына апарып эвтаназия қызметтерін іске асыру үшін аулау құралдары мен жабдықтар және мамандармен жасақталған болуы қажет.

6. Қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттегенде биологиялық заңдылықтар мен әлеуметтік-адамгершілік қырларын ескеру қажет және оларға қаталдықты қарауды болдырмайтын замануи технологиялар мен ізгілік талаптарына жауап беруі тиіс.

7. Осы Қағидада белгіленген талаптарды орындауға мемлекеттік бақылауды белгіленген тәртіпте өкілеттігі берілген және құзыреттеріне сәйкес уәкілетті органдар жүзеге асырады.

 

2. Осы Қағидада келесі ұғымдар қолданылады:

1) жануарлар - ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар, адаммен өсірілген ауылшаруашылық жануарлары мен құстары, сонымен қатар құрлықта,  суда,  атмосфера және топырақта табиғи бостандықтағы жабайы

жануарлар (сүтқоректілер, құстар, жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, моллюскілер, жәндіктер және басқалары); 

2) мал иесі - меншігі немесе басқалай иелігінде жануары бар жеке немесе заңды тұлға;

3) қаңғыбас жануарлар - қоғамдық орындарда адамның жетегінсіз жүрген, тұрақты мекендеу орнына өз бетімен қайту қабілетін жоғалтқан, үйлер, ғимарат, құрылыстар қасында уақытша байлаулы тұрған жануарларды қоспағандағы жануарлар;

4) қаңғыбас жануарларды аулау мен жою - жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалармен қалаға қажеттілік негізінде, жергілікті атқарушы органдардың тапсырысын орналастыру жолымен жергілікті маңызды сұрақтарды шешуге қажетті берілетін қызмет (қаңғыбас жануарларды  ұстау және жою қызметі);

5) қаңғыбас жануарларды ұстау - жануарлардың өмірін, олардың  дене саулығын сақтау мақсатында, сонымен қатар азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін алынатын шаралар;

6) қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау пункті - ауланған жануарларды уақытша ұстайтын орын;

7) қоғамдық қауіпті жануарлар - азаматтардың өмірі мен денсаулығына, мүлкіне нақты қауіп жасайтын және себепсіз агрессия көрсететін, соның ішінде құтыру ауруының анық белгілері бар жануарлар;

 

3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібі

8. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және мал моласына апарып эвтаназия жасауды жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік мекемелері анықтаған ұйымдар атқарады.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау ұйықтататын препараттар құйылған дротиктермен ататын  пневматикалық мылтықтарды қолдану арқылы немесе арнайы аулау құралдармен (ұйықтататын дәрілер, торлар, тұзақтар, тағамдық қармақжем) жүргізіледі. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдау барысында зақым келмеу үшін арнайы техникалық бейімдемелер мен жабдықталған автокөлік қолдану арқылы жүзеге асады. Қаңғыбас  жануарларды  аулау кезінде оларға зақым келтіретін бейімдемелерді (сымның ілгегі, қармақтарды және т.б) қолдануға болмайды. Азаматтардың өздерін қорғау және жедел қорғау кезінен басқа жағдайларда қаңғыбас иттер мен мысықтарды отты қарумен атуға жол берілмейді.

9. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

11. Көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда алып жүруші адамдарсыз  жүрген қаңғыбас иттер мен мысықтар аулануға жатады (байлауда тұрғандарынан басқалары).

12. Аулау, тасымалдау және ұстау кезінде иттер мен мысықтарға қатыгездікпен қарауға жол берілмейді.

13. Аулау жүргізетін ұйым, қызметкерлеріне нұсқама жүргізеді және оларға қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау құқығын беретін, азаматтардың бірінші талабы бойынша көрсетілетін куәлікті береді. Ұйымның аулаушы қызметкерлері психоневрологиялық, норкологиялық диспансерде есепте тұрмауы керек.

14. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жергілікті атқарушы  органның мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша жүзеге асырылады, сонымен қатар азаматтар мен ұйымдардан қаңғыбас иттер мен мысықтардың  жаппай топтануы кезінде түскен арыздары бойынша жүргізіледі. 

15. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау қызметкерлеріне пәтер, жеке үйлердің ауласынан шешіп алуына, бұдан бөлек сот шешімінсіз, сонымен қатар дүкен, дәріхана және басқа да ұйымдардың маңында уақытша байлаудағы жануарларды алып кетуіне  жол берілмейді.

16. Елді-мекенде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, ұстауы тұрғындардың арызы бойынша ветеринариялық-санитарлық ережеге сай ұйықтатылып, арнайы ұстау орны болмауына байланысты  мал молалары арқылы жойылады.

17. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды өз иелерінің арызы және қолхаты негізінде, ит пен мысық ұстау ережесімен таныстырып, әкімшілік жауапкершілік туралы ескертіліп, құтыруға қарсы егілгені туралы мәлімет алғаннан кейін  қайтарылады.

18. Үй жануарлары иелерінің  жүгінімдері болмаған жағдайда соңғылары қызығушылық білдірген ұйымдар немесе азаматтарға олардың арызы негізінде  берілуі мүмкін.

19. Иелері талап етпеген немесе қызығушылық танытқан ұйымдар мен азаматтарға берілмеген ауланған үй жануарлары ұйықтатылуға жатады;

20. Адамды, сонымен қатар жануарларды қапқан қаңғыбас иттер мен мысықтар, құтыру ауруына күдікті, антирабикалық көмекті қажет ететіні байқалса оларды аулап немесе қимылсыздандырылып елді-мекен аумағындағы тиісті ветеринариялық мекемеге тексеру үшін жеткізілуі керек. (10 күнге клиникалық байқау, үй жануары  өлген жағдайда патологиялық материал ветериянариялық лабораторияға жеткізіліп, барлық іс шаралар құтыру ауруына қарсы жүргізіледі).

 

4. Жануарларды тасымалдау

21. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар тасымалдануы жануарларды жайғастыру үшін арнайы жабдықталған автокөліктерде жүзеге асырылуы керек.

22. Арнайы автокөлік техникалық бүтін күйінде болуы керек.

23. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдайтын арнайы автокөлік иттер мен мысықтарға арналған торлармен жабдықталуы керек. Ауланғаннан кейін жануарлар торға орналастырылады және стационар торына немесе баспанаға жеткізіледі.

24. Жануарларды тиеу, тасымалдау, түсіру кезінде зақымдануды, жарақатты және өлімді болдырмау үшін арнайы құылымдар мен әдіс-тәсілдер қолданылуы керек.

25. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдайтын арнайы автокөлікте қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды жүзеге асыратын ұйымның атауы мен телефон нөмірі анық жазылуы керек.

26. Арнайы автокөлікте эвтаназия жасауға жол берілмейді. Егер жануар оған жеңілдік жағдайын жасау дәрежесіне дейін азап шексе, ветеринар өмірге қабілетсіз жануарларды уйықтатуға шешім қабылдайды. 

27. Ауланған жануарларды баспанаға тасымалдағаннан кейін  жануарларға қаңғыбас жануарлардың ауланғаны жөнінде және оларды стационар немесе уақытша ұстау пунктіне (баспана) берілгендігі жөнінде акт жазылады.

 

5. Үй және бұралқы жануарлар өлекселерін (сүйегін) утилизациялау, көму тәртібі. 

28. Үй жануарларын көму орындарын ұстау мен жабдықтау ветеринарлық және санитарлық ережелер мен нормаға сәйкес жүзеге асырылуы керек.

29. Утилизацияға өлген үй жануарларының өлекселері (сүйегі), сондай - ақ өлген, шетінеген және өлтірілген қаңғыбас иттер мен мысықтар өліктері (сүйегі) жатады.

30. Үй жануарлары өлекселерінің (сүйегі) лақтырылуына және оларды арнайы бөлінген орындардан тыс жерлерде көмуге жол берілмейді. Қажет болған жағдайда ит және мысық өлексесі (сүйегі) аулау бойынша ұйымға утилизацияға және көмуге беріле алады.

 

6. Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік

31. Осы Қағиданы бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.