Бөлімнің толық заңды атауы: 
«Зеленов аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі. 

Мекенжайы:  
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы Переметный ауылы Гагарин көшесі 85 үй

рисунок

 

 

Бөлім басшысы - Жүнісова Тайшыбай Орынбекқызы

 

Байланыс телефондары:  
8 (71130) 23-360, 23-417, Факс: 23-418

     

 

 

 

 

 

Аудандық ішкі саясат бөлімінің 2015 жылдың І тоқсанда атқарған жұмысы туралы ақпарат

 

Аудандық ішкі саясат бөлімінің 2014 жылы атқарған жұмысы туралы ақпарат

  

Бөлімнің атқарып жатырған негізгі жұмыстар бағыты

Бүгінгі күні аудандық ішкі саясат бөлімі аудандағы қоғамдық-саяси жағдайды талдау бойынша тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыстанып, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын уақытында анықтау, азаматтық қоғам институттарымен мемлекетттік органмен байланысты дамыту, мемлекеттік саясаттың мақсатты, тұрақты бейнесін қалыптастыруға бағытталған аудан тұрғындарын ақпараттандырудың көп деңгейлі жүйесін тұрақты және оң қоғамдық көзқарас қалыптастыру. 
Мемлекеттік органдардың тұрақты жұмысының нәтижесінде аудандағы қоғамдық-саяси жағдай жалпылай қалыпты, аудан тұрғындары жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатты қолдайды. 

Мемлекеттік органдар қызметін саяси жоспарлау аудандағы кешенді ақпараттық-идеологиялық, ұйымдастыру және қоғамдық-саяси жұмыстар 2015 жылға арналған ішкі саясат аясындағы іс-қимыл жоспары, мемлекеттік органдардың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келетін, тігінен де көлденеңінен де үйлесетін жүйелік кесте негізінде құрылады. Іс-қимыл жоспары мен жүйелік кесте құруда ауданның орта мерзімді жұмыс жоспары, мекемелер мен ұйымдардың, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдарының жоспарлары негізге алынады. 
Іс-қимыл жоспары мен жүйелік кестенің  орындалуын  бақылаудың  түрі мен әдістері талқыланып, жоспарланған іс-шаралардың тиісті деңгейде өтуі қарастырылуда. Президент әкімшілігі мен мәдениет және ақпарат Министрлігі бақылауға алған және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат аясындағы идеологиялық, ақпараттық және ұйымдастыру т.б іс-қимыл жоспарларына енгізілген іс-шаралардың орындалуы туралы ай сайын есеп беріліп отырады. 

Аудандағы қоғамдық-саяси және атаулы іс-шараларды өткізу бойынша арнайы жоспар жасалды. 

Қоғамдық-саяси ахуалға талдау және мониторинг.

Әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау, даулы жағдай, ішкі саяси жағдайды дамытуға кері әсер ететін жағдайлар мен іс-шаралар аудандық ішкі істер бөлімінің, аудандық прокуратураның, ішкі саясат басқармасының тиісті бөлімдерімен тікелей байланыста жүргізіледі.  Негізгі  жұмыс ақпарат алу мен алмасу арқылы жүреді. 

Саяси партиялардың, ҮЕҰ қоғамдық бірлестіктердің, жастар, діни бірлестіктерінің қоғамдық-саяси жағдайға ықпал ететін акциялары мен іс шараларын бақылау мақсатында өтілетін шараларға бөлім қызметкерлерінің қатысуы, өткізілуі бойынша мәлімет және талдау жасауы дағдыға айналған. 

Жалпы қоғамдық саяси жағдай және қарсылық акциялары туралы  облыстық ішкі сясат басқармасына күн сайын ақпарат беріліп отырады.

Деструктивті діни ағымдардың белгілері

1. Діннің, діни догмалардың ерекшеліктері туралы идеялардың болуы.

2. Зайырлы тәртіпті, оның ішінде заңдарды, билік және басқару органдарын мойындамайтын ұйғарымдардың болуы.

3. Діни алауыздық немесе араздық тудыратын, қауіпсіздікке, өмірге, денсаулыққа, адамгершілікке немесе азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қауіп төндіретін ұйғарымдардың болуы.

4. Діни догмалардың ғылыми түсіндірмесін мойындамау, «мазхабтарды» (исламдағы діни мектептерді) теріске шығару, оның ішінде Орталық Азия мұсылмандары үшін дәстүрлі Әбу Ханифа мазхабын сыни түрде қабылдамау.

5. Адамдарды шынайы діндар, діннен безгендер немесе адасқандар деп бөлу.

6. Халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын мойындамау, оларды ұстанудан үзілді-кесілді түрде бас тартуға шақыру.

7. Діндарлардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға баруын, теледидар, әсіресе ойын-сауық және музыкалық бағдарламалар мен хабарларды қарауын шектеу.

8. Әйелдердің киім үлгісін таңдау еркіндігін шектеу немесе әйелдерді, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған қыз балаларды анық көрінетін діни киімді немесе басқа елдер мен халықтарға тән киімді киюге мәжбүрлеу.

9. Діни талаптар мен рәсімдер бойынша некеге тұру және некені бұзу ұйғарымы.

10. Ұлттық тілге және мәдениетке нұқсан келтіретін өзгеше сөйлемдерді, сөздерді, сленгтерді қолдану ұйғарымы.

11. Ұлттық дәстүрлерге, мәдениетке және қазіргі заманғы талаптарға нұқсан келтіретін өзгеше түрге ие болу және өзгеше киім кию ұйғарымы:

Ер адамдар үшін:

- күтім көрмеген, бей-берекет өсірілген сақал. Мұрт қырып тасталады;

- тобықтан төмен түспейтін, кең пішімді қысқартылған шалбар (дене пішінін анық көрсететін киім үлгісіне тыйым салынады).

Әйел адамдар үшін:

- Денені толығымен немесе толық дерлік жабатын кең үлгідегі киім (паранджа, бурка, чадра, химар, хиджаб). Көбінесе қара түсті немесе басқа да қараға жақын түстер (қара-қоңыр, қара-көк, сұр).