Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы

Переметное ауылы, Гагарин көшесі, 71 А 

рисунок

 

 

 

 

Бөлім басшысы: Сафиуллин Серік Наженович 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Телефон: 8-711-30-22-046 

 

Бөлімнің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

Мемлекеттік оқу орындарында аудан азаматтарын тегін орта біліммен конституциялық кепілдеме негізінде қамтамасыз ету.

Қоғам қажеттіліктерінің өзгерістеріне және жаңа әлеуметтік-экономикалық шарттарға сәйкес аудан білім жүйесін әлеуметтік қорғау және дамыту.

 

Зеленов аудандық білім беру бөлімінің 2016 жылы атқарылған жұмыстар

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында аудандық білім беру бөлімі бірнеше бағытта жұмыстарын ұйымдастырды.

1.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағыты:

Зеленов ауданы бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды оқу және тәрбиемен қамту пайызы 63,3% құрайды, мектеп алды даярлықпен 893 бала қамтылды. Аудандағы мектепке дейінгі ұйымдар бойынша жыл басынан бері 4 аудандық  оқыту практикалық семинарлар  ұйымдастырылды. Қаңтар айында «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым басшысы» облыстық айқауына «Ақ бота» балабақшасының меңгерушісі Б.С.Аманшиева қатысып номинация алды. «Өрлеу» АҚ БҚБАРИ-ның ұйымдастыруымен сәуір айында облыстық «Педагогикалық оқулар» байқауына Переметный ауылындағы бөбекжай бақшаның меңгерушісі Т.А.Савченко мен әдіскері С.Б.Адилова қатысып, жүлделі І орынды иеленді. Осы байқаудың қорытындысы бойынша олар маусым айында Павлодар қаласында өткен Республикалық кезеңнен «Признание» номинациясымен оралды.

Балалар күнінің қарсаңында 48  мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан  мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілетін анықтау және  арттыру мақсатында ауданда «Айгөлек» фестивальі өткізілді. Оған 154 бала қамтылып, сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар тәрбиешілер арасында  «Ойнайық та, ойлайық», «Ең үздік жобалық жұмыс», «Үздік тәрбиеші» және т.б. байқаулар өткізілді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны әртүрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы кіріктіру жолдарымен іске асырылатын: «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» бес білім беру саласына негізделген. Бүгінгі күні аудандағы 8 балабақшада вариативтік компонент есебінен балалар мен педагогтардың шығармашылығын шыңдау мақсатында жобалық  зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар 12 айда мектепке дейінгі педагогтардың 3 озық тәжірибесі облыс көлемінде және 5 кітапша аудан көлемінде таратылды.

2016-2017 оқу жылының басындағы есеп бойынша аудандағы 8 балабақша, 13 мектеп-балабақша, 27 шағын орталықта 1769 бала тәрбие мен білім алуда, оларда 3-6 жастағы балаларды қамту  пайызы 99,3  құрап отыр. Қазан айында аудандағы 8 толық күнді шағын орталықтар, мектеп-балабақша кешеніне ауыстырылды. Сонымен қатар Трекин ауылында жеке кәсіпкер «Күншуақ» бөбекжай бақшасын ашуға құжаттарын рәсімдеуде, ауылдың 65 бүлдіршінді қабылдады.

2. Жалпы орта білім беру бағыты:

Ауданда 46 күндізгі мектебі бар, оның ішінде 30 орта, 9 негізгі, 7 бастауыш, және 1 кешкі ауысым мектебі 88 тыңдаушыларды оқумен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мектептен тыс 2 саз мектебі, Тәрбие жұмысы орталығы, Туризм және экология орталығы, 8 балабақша, 13 мектеп -балабақша кешендері, 27 шағын орталығы жұмыс жасайды. 2016 жылдың 10 қаңтар -10 ақпан айларының аралығында аудан бойынша Жалпыға бірдей білім беру айлығы

мен «Қамқорлық» қайырымдылық акция өтті, оған   барлық мектептер қатысып, соның ішінде белсенді қатысқан Батурин, Рубежка, Белес, Асан, Камен, Ульянов, Ү-Шаған, Көшім, Щапов, Қ.Аманжолов атындағы мектептер. Ерекше аттап  Щапов ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер  Васильевті айтуға болады, ол 5 көпбалалы отбасына демеуші болып, олардың балаларына 270 мың теңгеге көмек көрсетті.

Ақпан айында барлық 46 мектеп облыстық кешенді тексерістен өтіп, мектептерде бес бағытта атқарылған жұмыстары және құжаттары  зерделенді. Мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың арасында «Өзінді таны», «Достық құшағында» аудандық шаралар өткізілді. Бастауыш сынып оқушылардың арасында жол ережелер бойынша ең үздік суреттер, плакаттар аудандық конкурсы ұйымдастырылды, ал 5-9 оқушыларға сырттай фотосуреті көрме байқауы өтті. Спорт және туризм бағытта экскурсиялық марафон, «Хрустальды шоқыр» байқауы, шаңғы жорығы, жарыстар өткізілді. 9-11 сынып оқушылар аудандық «Бесінші элемент» химиялық зерттеу-эксперименттік турнирге қатысып, облыстық турнирге жолдама алды. «Дарын» қосымша білім орталығының базасында ұйымдастырылған ғылыми жарыстар, Макатаев оқулар, пәндік олимпиадаларға Зеленов ауданының оқушылары қатысып, орындарға ие болған. Балабақшалар  арасындағы  өткен «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым басшысы» байқауының қорытындысы бойынша аудандық «Еркемай» мекеменің меңгерушісі Т.А.Савченко  жеңімпаз болып танылды. Мұғалімдердің арасында пәндер бойынша жыл бойы бірнеше байқаулар ұйымдастырылды:  «Шағын жинақты мектеп және мен», «Математика мен Физика» шығармашылық сайыс, «Ең үздік мұғалім-дефектолог» байқауы, «Эрудит», «Үздік педагог», регаталар, орыс, ағылшын пәні мұғалімдерге қатысты олимпиадалар, т.б.

Наурыз айында мектептер мен балабақшаларға  бейнекамераларды сатып алуға конкурстық жұмыстары өткізілді. Бюджеттен бөлінге қаражаттқа 473 бейнекамералар алынып орнатылды, оның ішінде 28 мектептептер мен интернаттарда- 444, ал 4 балабақшада - 29. Красный Урал ауылынан оқушыларды тасымалдау үшін Чувашка ЖОББМ-і  жаңа УАЗ - автокөлікпен   қамтамасыз етілді. Уш мектептердің оқушыларын тасымалдау үшін қосымша жаңа автокөліктер алынды: Көшім мектебіне 1 ГАЗель, ал макаров және Батурин мектептеріне 2 УАЗ. «Мектепте ыстық тамақты ең үздік ұйымдастыру» аудандық байқауына 19 типтік асханасы бар мектептер қатысып,  жеңімпаз болып Мичурин ЖОББМ -і анықталды, ал облыс деңгейде ІІ орынға ие болды. 44 мектепте оқушыларға ыстық тамақ, ал 2 бастауыш мектепте тегін буфеттік тамақтандыруы ұйымдастырылды.

Сәуір айында аудандық «Алау» әскері- спорттық ойыны ұйымдастырылды, аталған шараға барлық 2002-2003 жылы туған оқушылар қатысты. «Жасыл ел» бағдарлама шеңберінде аудандық «Гүлденген мектеп», «Саябақтар шеруі» байқау мен акциялар өтті. Оқушылар «Былғары доп» турнирі, «Мәңгілік ел ұлдары»  «Жас ұлан» форумы, «Қарлығаш» туриада, «Бағдаршам -2016» жас инспекторлар қозғалысының слеті, аудандық мектеп музейлерінің фестивалі, тау туризм, спорттық спартакиадаларға белсенді қатысты.

Облыстық пәндік олимпиада кезеңіне 13 оқушы қатысып, қорытынды көрсеткіштеріне сәйкес Зеленов ауданынан екі мектептің оқушылары жүлделі орындарға ие болды:  Махамбет және Дариян қазақ ЖОББМ-нен, ал Макаров ЖОББМ-нің 11 сынып  оқушысы алғыс хатпен марапатталды.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге 359 мектеп түлектерінің 229 қатысты, орташа жинаған 80,9 балл. «Алтын белгі» белгісіне ие болған 1 оқушы  Сулейменова Алина (Перемтный ЖОББМ), 117 балл қорғады, ал «Үздік аттестат» 12 оқушы лайық болды.

Жазғы уақытта оқушылар 100% жазғы ұйымдастырылған демалыспен қамтамасыз етілді: көп балалы, аз қамтылған отбасылардан, жетім, қамқорлық- қорғаншылықтағы, партонаттық тәрбиедегі балалар - барлығы 1105 оқушы- толығымен әртүрлі лагерьлер, санаторий, демалыс орталықтарда демалды. Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражатқа балалар «Бөбек», «Дарын», Астана,  Алматы, Орал қалаларының демалыс орталықтарына жолдамалармен қамтамасыздандырылды. Жалпы жазғы демалыс шығындары жергілікті бюджеттен 17 млн 983 мың теңге құрды. Жазғы уақытта, жаңа оқу жылдың алдында, дәстүрлі түрде «Мектепке жол» акция өткізілді. Акция барысында көмекпен 3 645 оқушы қамтылды, ол үшін 15 млн 505 м.т.қаражат жиналды, оның ішінде жергілікті бюджеттен 6 млн 435 м. 442 теңге бөлінді.  Жаңа оқу жылдың алдында дәстүрлі аудандық білім беру қызметкерлерінің тамыз мәслихаты, ал «Мектепке жол»  акциясының қорытындысы ретінде «Үздік меценаты» атты ірі шаралар ұйымдастырылды. 2016 жылдың 1 қыркүйек күні күндізгі мектеп парталарға 7786 оқушы отырды, кешкі мектепке   88 оқушы қабылданды.

2016 жыл бойы 787 мұғалімдер мен әдіскерлер әртүрлі оқуға қатысып, жаңа бағдарламалар бойынша апталық, екі апталық, үш апталық, төрт апталық курстардан өтіп, сертификаттарды қолға алды.

Тамыз айының 13 күні бос орынға конкурс- жәрменке ұйымдастырылды, аудандық мектептерге 184 мұғалім қабылданды.  2016 жылы 12 айдың ішінде «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 27 мұғалім несие алып, баспаналы болды, ал 61 мұғалімі көтермелі жәрдемақысына қол жеткізді.

Мектеп оқушылардың оқуға, жұмысқа орналастыру: 2016 жылында негізгі білім алып, мектептерді 691 оқушы бітірді, олардың 58 гуманитарлық колледж, Қазақстан бойынша 171 кәсіптік колледждерді, 22 ТМД колледждерін таңдап, оқуын жалғастыруда, қалғандары 10 сыныптарға қабылданды. 11 сыныптарды  359 мектеп бітірушілер аяқтап, жоғары оқу орнына 190 түлек түсіп, 141 колледждерге,  әскерге - 2 кетті , жұмысқа 13 орналасты, 13 оқушы денсаулықтарына немесе орынды себептеріне байланысты ешқайда орналасып бармаған.

Жылдың IV тоқсанда білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес «Күзгі өнімдер» байқауы, ҮІІ Президенттік олимпиадасы, «Европа-Азия» фестивали, «Үздік жас полиция көмекшісі» байқауы, «Батыс -азимут» спорттық жарысы, «Салауатты тамақтандыру» апталығы, практикалық семинарлар өткізілді.

2016 жылдың   ішінде мектеп ғимараттарды жөндеу бағытта ақиқатқа негізделген шаралар қабылданды және аяқталды. Переметный ЖОББМ-нің ғимараты ( 162 млн 993 т.т.)  күрделі жөндеуден өтті, ал 8 мектепте (74 млн 566м 220т) жеңіл-желпі шатыр жөндеу жұмыстар өткізілді. Сонымен қатар Төтенше жағдай бөлімінің тарапынан Первосовет ЖОББМ-нің (1млн 946м 504 т) шатырын жөндеуге қаражат бөлінді және жұмыстар толық аяқталды. Трекин ауылдық округі новенький ауылындағы «Бүлдіршін» балабақшасында (1 млн 162м 142 т) жөндеу жұмыстар өткізілді.   Озерный ауылындағы 48 орынға арналған Киров негізгі мектептің ғимараты (214 млн.т.) аяқталды, мектеп жаңа жиһаздар мен қазіргі заман жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жаңа компьютерлермен 20 мектеп қамтамасыз етілді, оларға жалпы 17 млн 550 м.теңгеге 117 компьютер сатып алынды  және 3 шағын жинақталған мектепке (Подхоз НМ, Жайық және Пригород БМ) 1 млн 628 м.теңгеге 4 мультимедия жиынтығы жеткізілді.

Барлық мектептерде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған шаралар жоспарларға сәйкес өтті, жыл басында Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде басталған марафон,   46 мектепте ұйымдастырылып, Новенький жалпы орта білім беретін мектебінде аяқталды.

14 робототехника комплекті сатып алу үшін  жалпы 40 млн 950 м.теңге бөлінді, қазіргі уақытта құрал -жабдықтарды мектептерге жеткізіп қою бойынша жұмыстары жүргізілуде.

Орал қаласында өткен Президенттік жаңа жылдық шыршасына  аз қамтылған, көпбалалы отбасыларынан шыққан, жетім балалар санатынан 14 оқушы қатысты, ал аудан әкімінің шыршасына 62 бала қатысып, қысқы киім, аяқ киім, тәтті сыйлықтарға ие болды. Ол үшін жергілікті бюджеттен 1 млн 426 м.теңге бөлінді.

2016 жыл бойы 5 білім беретін ұйымы  бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік аттестаттаудан өтті: 4 мектеп және 1 балабақша. Екі жалпы орта білім беретін мекеме: Щапов және Чувашин, бекітілген уақытта барлық талаптарына сай болып, жақсы нәтиже көрсетіп, аттестаттаудан өтті, ал Асан ЖОББМ мен Кирсанов НМ оқушылардың білім сапасы төмен болып, 53,1% және 43% құрауына байланысты мемлекеттік аттестаттаудан өтпеді. Зеленов аудандық «Еркемай» бөбекжай бақшасы қарашаның 23-25 күндер аралығында мемлекеттік аттестаттаудан өтті.

 

Зеленов аудандық білім беру бөлімінің басшысы                   С.Сафиуллин