Батыс Қазақстан облысы

«Зеленов ауданы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің Ережесін

бекіту туралы

            

Қазақстан Республикасының «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының талаптарын іске асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТТІ:

1.Батыс Қазақстан облысы «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылып бекітілсін.

2.«Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі Батыс Қазақстан облысының Әділет басқармаларында қайта тіркеуден өткізілсін. 

3.Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудан әкімі аппаратының басшысы Шмарина Любовь Борисовнаға жүктелсін.  

 

Аудан әкімінің м.а.                                                    Ш.Ибрагимов

 

 


 

Зеленов ауданы әкімінің

2010 ж.__________№____ шешімімен

БЕКІТІЛДІ

 

  

 

«Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

1.      Жалпы ережелер

 

1. «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - аудан әкімінің аппараты) аудан әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ететін атқарушы орган болып табылады.

2. Аудан әкімінің аппараты өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Қазақстан Республикасының Пезиденті, Үкіметінің актілеріне, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, аудан әкімі аппаратының жұмыс регламентіне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 418050, Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Переметный ауылы, Гагарин атындағы көше 139.

4. Аудан әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы салынған мөрі, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар заңды тұлға.

5. Аудан әкімінің аппараты туралы Ереже, сондай-ақ оның құрылымы және штаттың саны Қазақстан Республикасының Үкіметі орнатқан шеңберде бекітіледі.

6. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі  толық атауы: «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Мемлекеттік мекеменің  орыс тілдегі  толық атауы: Государственное учреждение «Аппарат акима Зеленовского района»

 

1.      Аудан әкімі аппаратының функциялары және негізгі міндеттері мен құқықтары

 

7. Аудан әкімінің аппараты заңдарға сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады.

1) аудан әкімі аппаратының жұмыс регламентін қамтамасыз ету, сақтау.

2) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жөніндегі саясатын жүргізу, экономикалық реформаны жүзеге асыру, оны жүзеге асырудың тәсілдері мен тетіктерін анықтау, ауданның халық шаруашылығы кешенінің, әлеуметтік мәдени ортаның, сыртқы экономикалық байланыстың даму жағдайы мен келешектерінің жайын талдау, тиісті болжамдар әзірлеу, маңызды проблемаларды анықтау және оларды шешу жөнінде ұсыныстарды даярлау.

3) мемлекеттік және еңбек тәртібін нығайту жөнінде шаралар даярлау, халықты әлеуметтік және құқықтық қорғаудың тиімді механизмін әзірлеу.

4) барлық деңгейдегі атқарушы органдардан аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыратын бағдарламалар, концепциялар мен болжамдарды сапалы даярлауға қажетті ақпаратты дер кезінде алу, осы құжаттарды әзірлеуге және сараптауға қатысу.

5) Қазақстан Республикасының заңдарының, Президент пен Үкімет актілерінің, әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

6) әкімдіктің отырыстарында қаралатын мәселелерді анықтау және материалдар дайындау.

7) әкімдік отырыстарын, әкім және оның орынбасарлары жүргізетін басқа да шараларды ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдастыру және материалдық- техникалық қамтамасыз ету.

8) аудан әкімі аппаратының жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету, жұмыс бабындағы құжаттарды, хаттар мен өтініштерді қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, құжат айналымын талдау, іс жүргізуді жетілдіру, мемлекеттік, орыс және басқа да тілдіжердің қолданылуын қамтамасыз ету.

9) аудан әкімі аппаратының жұмысын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау және Президент пен Үкімет жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіру.

10) аудан әкімі тағайындаған лауазымдар тізбесіне кіретін кадрлардың сапалық құрамына және қозғалысына талдау жасау, олардың оқуын және қайта дайындығын ұйымдастыру.

 

3. Аудан әкімі аппаратының өз фукцияларын жүзеге асыруы 

8. Аудан әкімі аппараты өз фукцияларын жүзеге асыру үшін өз құзыреті шеңберінде:

1) жергілікті атқарушы органдардан қажетті ақпарат алуға, сондай-ақ оларға өз құзыры шеңберінде тапсырмалар беруге;

2) барлық меншік нысандағы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардан аудан әкімі аппаратының құзырына жататын мәселер бойынша қажетті ақпаратты, құжаттар, басқа да материалдар, ауызша және жазбаша түсініктемелер сұратуға және алуға;

3) аудан әкімі аппаратының жүргізуіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызмет бабындағы хат алмасуды жүргізу;

4) Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысына тексеру жүргізуге, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар алуға;

5) ауданының отырыстарына қатысуға;

6) аудан әкімінің тапсырмасымен бөлім қызметкерлерін, кәсіпорын мекеме, ұйым өкілдерін аудан әкімі аппаратының құзырына жататын мәселерді шешуге қатысуға тартуға құқылы.

9. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік органдарға қажетті материалдар хабарламалар беру жөніндегі талаптары тапсырмада өзге мерзімдер белгіленбеген жағдайда заңдарда белгіленген мерзімдерде орындалуға жатады.

10. Аудан әкімі аппаратын заңдарда белгіленген тәртіпте аудан әкімі тағайындаған аппарат басшысы басқарады.

11. Аппарат басшысы келесі негізгі функцияларды атқарады:

1) аудан әкімінің бекітуіне аудан әкімінің аппараты туралы Ережені ұсынады;

2) аудан әкіміне аппараттың штаттық кестесі және аппарат қызметкерлерінің лауазымдылық жалақыларына үстеме ақы қосу жөнінде ұсыныс енгізеді;

3) жалпы басшылықта және аппарат бөлімдері және басқа да құрылымдылық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады;

4) аудан әкімі аппаратындағы ішкі еңбек тәртібінің Ережелерін бекітеді;

5) жеке құрам бойынша бұйрықтар шығарады;

6) аудан әкімі бекітілген қаржыландыру жоспары шеңберінде қаражатқа иелік етеді;

7) әкімдік отырыстарын өткізу барысында ұйымдастыру, құқықтық, кеңестік, материалдық-техникалық даярлықты қамтамасыз етеді;

8) аудан әкімі аппаратының облыс әкім аппаратымен, жергілікті өкілді органдармен, ауылдық (селолық) округтердің әкімдерімен, бұқаралық ақпарат құралдары және халықпен өзара қарым-қатынасын ұйымдастырады;

9) Президенттің актілері, үкіметтің шешімдері, әкімдіктің қаулылары, облыс әкімінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмалары, оның орынбасарларының тапсырмалары, аудан әкімінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларының орындалу барысына бақылау жұмыстарын ұйымдастыруды, аудан әкімін олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде хабардар етеді;

10) аудан әкіміне аудандық бөлімдердің жұмысын бағалау және олардың құрылымдарын жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізеді;

11) аудан әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет туралы заңдардың орындалуына бақылау жасайды;

12) кадрлік саясатты жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес аудан әкімінің қарауына бөлім басшылары мен лауазымдық қызметкерлерін лауазымдылық қызметке тағайындау және лауазымдық қызметінен босату, оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді.

13) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, оның қызметкерлерінің лауазымдылық нұсқаулығын бекітеді;

14) аудан әкімі аппаратының басшысы құзыры шеңберінде қызмет бабындағы құжаттарға қол қойды;

15) өзіне басшылық жүктеген өзге де функцияларды атқарады.

16) сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді.

12.Аудан әкімі аппаратының басшысы құқылы:

1) бөлімдерге, ауылдық (селолық) округтердің әкімдеріне әкімдіктің қарауына енгізілген мәселерді әзірлеу және келісу жөніндегі тапсырмалар беруге;

2) бөлімдерден, ұйымдардан, ауылдық (селолық) округтердің әкімдерінен Президенттің актілері, үкімет шешімдері мен аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындау жөнінде қажетті материалдар, ақпараттар сұратуға және оларға тапсырмаларды орындау жөнінде міндеттемелер беруге;

3) аудан әкімі мен әкім аппаратының жұмысын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде ұйымдармен келісім-шарттар жасауға;

4)заңдарда белгіленген тәртіппен әкім аппаратының мемлекеттік қызмет лауазымына тағайындауға және босатуға.

5) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен аппараттың техникалық персоналын жұмысқа қабылдауға және жұмыстарынан босатуға.

13. Аудан әкімі аппаратына жүктелген функцияларды атқару үшін аппарат құрамында бөлімдер құрылады.

14. Аппарат бөлімдері осы Ереже негізінде, сондай-ақ аппарат басшысы бекіткен бөлімдер туралы Ереже  негізінде жұмыс істейді.

15. Аудан әкімі мынадай лауазымды адамдарды:

жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтiн аудан әкiмiнiң орынбасарларын;

 әкім аппаратының басшысы, сондай-ақ аудандық  бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.

16. Бөлім меңгерушілеріне өз бөлімдеріне жүктелген тапсырмаларды, Президент заңдарын, актілерін, Үкімет Қаулыларын, әкімдіктің қаулылары, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, әкімдіктің қаулыларын дер кезінде және толық орындау жөнінде жауапкершілік жүктеледі;

17. Жауапты қызметкерлер қызмет бабындағы міндеттерін атқару кезінде құқылы:

1) әкімдіктің отырыстарына, жергілікті атқарушы органдар өткізген шараларға қатысуға;

2) ауылдық (селолық) округ аппаратарының қызметкерлерін, кәсіпорын, ұйым, мекеме өкілдерін аппарат жұмысы шеңберінде пайда болған мәселерді қарауға қатысуға тартуға, олардан заңдар, жарлықтар және үкіметтің шешімдерін орындау жөнінде қажетті ақпараттар, ұсыныстар мен қорытындылар сұратуға;

3) басшылыққа белгіленген тәртіпте қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін нормативтік акті жобаларын пысықтауға қайтару туралы ұсыныстар енгізуге;

4) аппарат басшысының тапсырмасымен аудан әкімінің аппараты шеңберінде басқа да қажетті өкілеттіктерді жүзеге асыруға.

18. Осы Ережеден шығатын мәселелерді даярлау және қарау тәртібі аудан әкімі аппаратының басшысымен реттеледі;

19. Атқарушы органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.