Құрметті Зеленов ауданы әкімдігінің сайтына келушілер!

Зеленов ауданының ресми сайтына қош келдіңіздер!


Тәуелсіз Қазақстан бүгінде әлеуметтік әділдігімен, экономикалық әл-ауқаты мен ұлтаралық бірлігімен белгілі дамыған және тұрақты мемлекет.

Қазақстан Республикасының даму қарқыны бүгінде қазіргі күнге сенімділікпен және келешекке үмітпен қарауға мүмкіндік береді.

Зеленов ауданы да мемлекеттік істерге өзінің маңызды үлесін қосуда. Біз Зеленов ауданында еліміздегі жағымды мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануға тырыстық және бүгінде ауданымыз тиімді, жоғары деңгейде даму үстінде.

Біз аграрлық кешенде, күрделі құрылыста, шағын және орта бизнесті дамытуда ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Экономика саласының даму қарқыны да аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бағытында денсаулық сақтау, білім және мәдениетті дамыту бойынша ірі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Зеленов ауданы Батыс Қазақстан облысымен шекаралас елдеріне де өзінің аграрлық-өнеркәсіптік әлеуетімен белгілі.

Зеленов ауданы бүгінде белсенді даму үстінде, және біз жаңа технологиялар мен инвестицияларды тартуда қызығушылық танытудамыз.

Осы сайт - бұл «Электрондық үкімет» идеясын жүзеге асырудағы бірінші қадам, әрбір сайтқа кіруші, аудан тұрғыны, кәсіпкер, инвестор толық ақпарат және қойылған сұрағына жауап ала алады.

Зеленов ауданы әкімдігінің ресми сайты арқылы сайтқа келушілер ауданның тарихы туралы мағлұмат алуға, қазіргі кездегі өңірдің әлеуметтік - экономикалық жағдайы жөнінде және аудан аумағында атқарылып жатырған жұмыстар туралы ақпарат алуға және жаңа достар мен іскер серіктес табады деп сенемін.

Құрметпен, 

Зеленов ауданының әкімі Шахаров Асхат Берлешұлы  

 

Жаңалықтар


 

Өңір басшысы Зеленовта

15.08.2018

рисунок

Облыс әкімі Алтай Көлгінов іссапармен Зеленов ауданында болып, ондағы бірқатар шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты.

Толығырақ...


Зеленов ауданында жастар мерекесі ерекше тойланды

13.08.2018

13 08 18 news 6

«Жастар» дегеніміз аты ғана. Әйтпесе, аудан тұрғындарының жасы да, жасамысы да кеш түсе орталық алаңға ағылды. Сән-салтанаты келіскен сахна, бірегей киім киген жастардың флешмобы, әдемі әуен кешті одан әрі айшықтай түскенбей.

Толығырақ...


Халық спорты ойында өз мәресіне жетті

13.08.2018

13 08 18 news 1

Жұма күні Зеленов ауданында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін VI Халық спорты ойындары басталды. Елбасының "Болашаққа бағдар-руxани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру, xалық спорты ойындарын одан әрі дамыту, спорт резервін дайындау мен спортшылардың спорттық шеберлігін жетілдіру, спорт базасын нығайтуды мақсат еткен шараның ашылуына аудан әкімінің орынбасары Р.Шауенов, ММА спорт түрінен Азия чемпионы Нұржамал Садықова қатысты. Спорттық шара 22 ауылдық округ спортшыларының арасында 13 спорт түрінен 2 күн бойы өтеді.

Толығырақ...


Барлық жаңалықтарды оқу ...