Құрметті Зеленов ауданы әкімдігінің сайтына келушілер!

Зеленов ауданының ресми сайтына қош келдіңіздер!


Тәуелсіз Қазақстан бүгінде әлеуметтік әділдігімен, экономикалық әл-ауқаты мен ұлтаралық бірлігімен белгілі дамыған және тұрақты мемлекет.

Қазақстан Республикасының даму қарқыны бүгінде қазіргі күнге сенімділікпен және келешекке үмітпен қарауға мүмкіндік береді.

Зеленов ауданы да мемлекеттік істерге өзінің маңызды үлесін қосуда. Біз Зеленов ауданында еліміздегі жағымды мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануға тырыстық және бүгінде ауданымыз тиімді, жоғары деңгейде даму үстінде.

Біз аграрлық кешенде, күрделі құрылыста, шағын және орта бизнесті дамытуда ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Экономика саласының даму қарқыны да аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бағытында денсаулық сақтау, білім және мәдениетті дамыту бойынша ірі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Зеленов ауданы Батыс Қазақстан облысымен шекаралас елдеріне де өзінің аграрлық-өнеркәсіптік әлеуетімен белгілі.

Зеленов ауданы бүгінде белсенді даму үстінде, және біз жаңа технологиялар мен инвестицияларды тартуда қызығушылық танытудамыз.

Осы сайт - бұл «Электрондық үкімет» идеясын жүзеге асырудағы бірінші қадам, әрбір сайтқа кіруші, аудан тұрғыны, кәсіпкер, инвестор толық ақпарат және қойылған сұрағына жауап ала алады.

Зеленов ауданы әкімдігінің ресми сайты арқылы сайтқа келушілер ауданның тарихы туралы мағлұмат алуға, қазіргі кездегі өңірдің әлеуметтік - экономикалық жағдайы жөнінде және аудан аумағында атқарылып жатырған жұмыстар туралы ақпарат алуға және жаңа достар мен іскер серіктес табады деп сенемін.

Құрметпен, 

Зеленов ауданының әкімі Шахаров Асхат Берлешұлы  

 

Жаңалықтар


 

Аймақтық семинар

16.07.2018

рисунок

Аудан орталығында БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұжымының ұйымдастыруымен аймақтық семинар-жиналыс өтті.

Толығырақ...


Мемлекеттік қызметшілер арасында туриада сайысы өтті

16.07.2018

рисунок

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына орай ағымдағы жылдың 13-14 шілде күндері Дариян ауылдық округі Озерный ауылында мемлекеттік қызметшілер арасында туриада сайысы өтті.

Толығырақ...


Ауданда – халық қалаулылары

10.07.2018

рисунок

Бүгін Зеленов ауданы Январцев ауылдық округіне қарасты Шынар(Чинарев) кенішін игеріп жатқан «Жайықмұнай» ЖШС өндірістік базасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Глеб Щегельский, Сергей Симонов, Евгений Козлов және Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаров аталмыш кеніштегі өндіріс нысандарының жұмыстарымен танысты.

Толығырақ...


Барлық жаңалықтарды оқу ...